12.04.2018, 23:32 7190

Алматыда сенаторлар "Қазақфильм" киностудиясында болып кинематографистермен отандық киноныӊ қазіргі жай-күйін талқылады

Отырыс барысында еліміздіӊ киноиндустриясы өкілдерініӊ қатысуымен "Кинематография туралы" заӊ жобасы талқыланды

Алматы. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Парламент Сенатыныӊ Илеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті Алматы қаласындағы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы аясында көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Отырыс барысында еліміздіӊ киноиндустриясы өкілдерініӊ қатысуымен "Кинематография туралы" заӊ жобасы талқыланды. Комитет төрағасы Бірғаным Ийтімова "кинематограф адамгершілікке тәрбиелеудегі, қоғамдағы идеологиялық құндылықтарды сіӊірудегі, зерделік және мәдени дамуды ілгерілетудегі басты құралдардыӊ бірі болып табылады", деп атап өтті.

Б. Ийтімова сондай-ақ сенаторлардыӊ отандық кинематографияныӊ қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелерін, келешекте сапасы мен ұлттық фильмдердіӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, тұрғындарға арналған кино көрсету қызметтеріне қол жеткізуді, киноиндустриясыныӊ ашықтығы мен тартымдылығын, Қазақстан киносыныӊ шетелдердегі беделі мен танылуын зерделеуге ниеттеніп отырғанын жеткізді.

Режиссерлер, актерлер мен продюсерлер сенаторларға өз жұмыстарыныӊ ерекшеліктері туралы айтып, кино туралы арнайы заӊ қабылдау қажеттігіне қолдау білдірді. Атап айтқанда, режиссер Рүстем Ибдірашов ұлттық киноны қолдау қорын құрудыӊ маӊыздылығын атап өтті. Кино прокат саласыныӊ маманы Бауыржан Шүкенов кинематография саласын құқықтық реттеу және қалалар мен ауылдық елді мекендерде азаматтардыӊ кино көрсету қызметіне қол жеткізу мүмкіндіктері туралы айтты. Режиссер-аниматор Адай Ибелдинов тәрбие құралы ретінде анимациялық киноны дамыту, ал кинорежиссер, "Дубляж" мекемесініӊ басшысы Болат Қалымбетов еліміздіӊ кинотеатрларына прокатқа келетін барлық фильмдерді аударудағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ дубляж мүмкіндіктері туралы айтты.

- Бүгінгі таӊда "Қазақфильм" киностудиясы - ұлттық бренд әрі отандық кино өнімдерді өндірудегі негізгі мекеме. Біз кинематографистерді, кино өндірушілерді, прокатшыларды, дистрибьюторларды біріктіре отырып, киноиндустрияны дамытатын экономикалық тетіктерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін, жағымды инвестициялық ахуал жасайтын тиісті заӊды бұрыннан күтіп жүрміз, - деді Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамыныӊ президенті Бақыт Қайырбеков.

Белгілі актер әрі режиссер Асанәлі Ишімов "Қазақфильм" киностудиясына ұлттық компанияныӊ мәртебесін беруді ұсынды. "Киностудия еліміздіӊ кинематографистері бас қосып, киноны талқылайтын орын болып табылады. Сондықтан киностудия аумағы тек мемлекетте ғана болуы керек, жекешеленбеуі тиіс. Киностудияға ұлттық компания мәртебесін қайтару керек", - деді А. Ишімов.

Пікірсайысты сенатор Б. Ийтімова қорытындылады. Оныӊ айтуынша, айтылған ұсыныстар кинематография және мәдениет пен әлеуметтік саланы реттейтін заӊдарды қарау барысында пайдаланылатын болады. Депутаттар сапар аясында "Қазақфильм" киностудиясын көріп, түсіру алаӊдарында болды және техникалық жабдықтармен танысты. Саяхат барысында депутаттарға фильм түсіру үдерістерініӊ ерекшеліктері және Қазақстан өнерініӊ алтын қорына енген фильмдердіӊ тарихы туралы ақпарат айтылды.

- Біз киностудияға қазақ киносыныӊ мұражайы керектігіне куә болдық, мұнда отандық мәдениеттіӊ жетістіктері сақтаулы тұр. Біз бұл туралы тиісті сауал жолдаймыз, - деді кездесу соӊында депутат Бақытжан Жұмағұлов.

Сол күні Сенат депутаттары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер академиялық театрыныӊ артистерімен кездесті. Шараға Алматы қаласыныӊ алдыӊғы қатардағы театр ұжымдарыныӊ өкілдері қатысты.

13 сәуірде парламентшілер Алматы қаласыныӊ Орталық мемлекеттік мұрағатында болады және онда заӊнамаға мұрағат ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар талқыланады. Сапар бағдарламасында сондай-ақ Қазақ мемлекеттік циркініӊ, Ұлттық кітапхананыӊ, және спорт нысандарыныӊ ("Алматы Арена" кешені мен биік таудағы "Медеу" мұз айдындары) жұмыстарымен танысу бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны