20.10.2017, 18:18 6164

Алматыда "Сенім жолында" атты деректі фильмініӊ тұсаукесері өтті

Фильмде қоғамымыздағы өзекті мәселелердіӊ бірі - дін жолындағы адасушылық туралы баяндалады. Негізгі эпизод - дүйім елді дүрліктірген, бірнеше адамдардыӊ өмірін қиып, 40 жуық жергілікті тұрғындарды жаралаған қанды оқиға - 2016 жылы маусымныӊ 5-інде болған Ақтөбедегі теракт.

Алматы. 20 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ қоры қолдауымен ұйымдастырылған Қазақ деректі киносы күндері шеӊберінде "Сенім жолында" атты деректі фильмніӊ тұсаукесері өтті. Аталған кинотуындыны Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасы Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігініӊ қолдауымен түсірді. Режиссері - Исия Байғожина.

Фильмде қоғамымыздағы өзекті мәселелердіӊ бірі - дін жолындағы адасушылық туралы баяндалады. Негізгі эпизод - дүйім елді дүрліктірген, бірнеше адамдардыӊ өмірін қиып, 40 жуық жергілікті тұрғындарды жаралаған қанды оқиға - 2016 жылы маусымныӊ 5-інде болған Ақтөбедегі теракт. Бұл фильм мұрағат материалдарына, лаӊкестердіӊ шабуылынан аман қалған жандардыӊ, дәстүрлі емес ислам ағымын ұстаушылардыӊ жақындарыныӊ естеліктеріне негізделген.

- Ислам дініне қатысты көтерілетін барлық мәселелер мені қашан да қызықтырады. Маған осы фильмді түсіруге ұсыныс жасағанда, тақырыптыӊ күрделілігіне қарамастан бірден келісімімді бердім. Осы фильмді жасауда беделді дінтанушы Асқар Сабдин үлкен көмек көрсетті. Сондай-ақ, аса түсінушілікпен қарап, төтенше жағадайда жұмыс жасағандары үшін фильмніӊ түсіру тобына алғысымды білдіремін, - деді фильмніӊ режиссері Исия Байғожиина.

Айта кетсек, деректі фильм төрт бөлімнен құралған. Ир бөлім кейіпкерлердіӊ есімдерімен аталады, олар: Жазира - бес баласымен және күйеуімен бірге Сирияға кеткен; Жансерік - Ақтөбедегі түрмеде теракт үшін жазасын өтіп жатыр; Диана - 16 жастағы колледж студенті, Түркияға барып, кейін Сирияға өтіп кеткен; Марат - Шымкент қаласыныӊ 45 жасар тұрғыны, орыс пәнініӊ мұғалімі, әйелін, алты баласын алып Сирияға кеткен...

Жастарымыз неге дін жолында адасуда? Бұл жолға оларды не итермелейді? Жастардыӊ діни сауаттылығы қандай, дәстүрлі дінге бет бұру амалдары бар ма? Фильмде осы жайында белгілі теологтар және дін қызметкерлер, саясаткерлер мен тарихшылар, мемлекеттік орган қызметкерлері және қоғамдық ұйымдардыӊ белсенділері өз ойларымен бөліседі. Фильмніӊ түсіру жұмыстары Алматы, Ақтөбе, Оӊтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында, Уфа және Мәскеу қалаларында жүргізілді.

Режиссері: Исия Байғожина

Сценарий авторлары: Исия Байғожина, Мереке Қасен

Операторлар: Ренат Қосай, Нұрсәт Икімхан

Кеӊесші: Асқар Сабдин

Дыбыс режиссері: Бейбіт Исаметов

Бейнеинженер: Николай Пономарев

Компьютерлік графика: Андрей Кисилев

Икімші: Любовь Радионова

Директоры: Нұргүл Нұржігітова

Справка о режиссере: Байғожина Исия - кинодраматург, кинорежиссер, Қазақстан кинематографистер одағыныӊ мүшесі. 1987 жылы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғары курсын бітірген. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында редактор, кейін деректі фильмдер бірлестігініӊ бас редакторы болып жұмыс істеді. 1990-1996 жылдар аралығында "Параллель" тәуелсіз студиясыныӊ көркемдік жетекшісі болды. 1991 жылы Исия Байғожина өзініӊ алғашқы режиссерлік жұмысы - Егемендіктіӊ алғашқы сеӊін қозғаған Желтоқсан оқиғасына

арналған "Жарияланбаған шерудіӊ хроникасы" атты деректі фильмі жарық көреді. Бұл туынды Қазақстан Республикасы Жастар және журналистер одақатрыныӊ арнайы жүлдесімен марапатталады.

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Деректі фильмдер: "Жарияланбаған шерудіӊ хроникасы" (Н.Чанковамен бірлесе түсірген, КФ, 1991), "Қызыл империя" (деректі сериал, "Гранит" Би-Би-Си" студиясы, 1991), "Дінмұхамед Қонаев - өмір жолы" (КФ, 1995), "Жарыққа құмар" (Г.Алдонгаровамен бірлесіп түсірген, ҚР Президенті ТРК, 1998), "Бақыт формуласы" ("М'арт", 2007), "Елім-ай. Репатрианттар хроникасы" ("Қазақфильм", 2007), "Валибайды еске алу" (2008).

Деректі фильмдерді сценарий авторы: "Су - өмір нәрі" (КФ, 1986), "Ауылдыӊ көріністері" (КФ, 1988), "Қорық" (КФ, 1989), "Шпион" (КФ, 1989) және басқалары.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталм ыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны