17.08.2018, 20:18 7148

Алматыда Шәмші Қалдаяқовтыӊ әндері жазылған CD дискініӊ тұсаукесері өтті

15 тамызда қазақтыӊ біртуар сазгері, Қазақстанныӊ Инұраныныӊ авторы көзі тірі болса 88 жасқа шығар еді. Жаӊа CD дискініӊ тұсаукесері осы оқиғаға арналды.

Алматы. 17 тамыз. Kazakhstan Today - 16 тамыз күні Алматы қаласындағы Ил-Фараби даӊғылыныӊ бойында әсем Алатау баурайына жақын жерде орналасқан "Мирас" салтанат сарайында қазақ вальсініӊ королі Шәмші Қалдаяқовтыӊ әндері жазылған CD дискініӊ тұсаукесері өтті.

15 тамызда қазақтыӊ біртуар сазгері, Қазақстанныӊ Инұраныныӊ авторы көзі тірі болса 88 жасқа шығар еді. Жаӊа CD дискініӊ тұсаукесері осы оқиғаға арналды.

Жаӊа дискіні шығаруға продюсерлік жасаған сазгердіӊ ұлы, дирижер Мұхтар Қалдаяқовтыӊ айтуынша, "2018 жылғы 7 сәуір күні Республика сарайында Шәмші Қалдаяқовтыӊ құрметіне орай "Көктем әні" атты концерт өткен болатын. Сол концерттегі әндер жинаққа еніп отыр".

Айта кету керек, аталған концерт Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында өткізілген болатын.

"Бұл жобаны мен бірнеше жылдан бері ойластырып жүргем. Өзім 1995 жылдан бері дирижер ретінде еӊбек етіп келе жатқан Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры әншілерініӊ орындауында осындай концерт ұйымдастырғым келді. Концерт өте керемет өтті, мен сол кештіӊ продюсері де, дирижері де болдым",- деді Мұхтар Қалдаяқов.

Шәмші әндерін өз репертуарына қоспаған әнші жоқтыӊ қасы. Халық бірінші нотасынан-ақ іліп әкетіп қосыла шырқайтын, талай ұрпақтыӊ үлкен сахнаға шығуына жолдама берген әндер бұл жолы опера театрында оркестрдіӊ сүйемелдеуімен орындалды. Алматыныӊ еӊ үздік опера орындаушылары осы концертте қалыптастырған тамаша ауанды, энергия мен жылулықты жүртшылықтыӊ назарына толық жеткізу үшін диск шығару қажет болды, дейді сазгерден қалған тұяқ.

Дискіні шығаруға Қазақстандағы фотография, сән өнері, дизайн тағы да басқа креативтік өнерге, мәдени жобаларға қолдау көрсету мақсатымен биыл құрылған "CinemArt" қоғамдық қоры мен "APS Engineering" компаниясы қолдау көрсетті.

Салтанатты жиында Алматы қаласыныӊ мәдениет және архивтер басқармасы жетекшісініӊ орынбасары Данияр Алиевке сөз берілді:

"Шәмші Қалдаяқовтыӊ жарнамалаудыӊ өзі қажет емес. Себебі ол қазақтыӊ тұла бойына біткен дара тұлға. Қала әкімі Бауыржан Байбектіӊ қолдауымен сәуір айында Алматыныӊ төрінде үлкен концерт өткен еді. Бүгінгі кешке жиналғандардыӊ барлығы сол концертке куә. Сол концерт жалғасын табу мақсатында диск жарық көріп отыр. Шәмші Қалдаяқов - қазақ вальсініӊ королі. Оныӊ әндері мәӊгілікке біздіӊ жүрегімізде сақталып қалады. Оныӊ өнері сіздер мен біз бар кезде өрге жүзеді", - деді ол.

"CinemArt" қоғамдық қорыныӊ арт-директоры, "Айка Илемі" брендініӊ негізін қалаушы сән дизайнері Аяжан Жақсыбайдыӊ айтуынша, "Шәмші Қалдаяқов қазір ортамызда жоқ. Бірақ оныӊ туындылары өмір сүріп келеді, олар бізден кейін де өмір сүретін болады. Мәдениет - ұлттыӊ идеологиялық коды, оны түсіну үшін тілдік немесе басқа қандай да бір кедергі жоқ. 21-ші ғасырда креативтік индустрия аса қарқынмен дамып келеді. Біздіӊ мақсатымыз - осындай креативтік жобалар мен креативті тұлғаларға қолдау көрсету. Біздіӊ қор қаржыландырған алғашқы жобалардыӊ бірі - осы Шәмші Қалдаяқов әндерініӊ жас та дарынды опера жұлдыздары орындаған дискіні жарыққа шығару болды".

Концерт пен дискініӊ "Көктем әні" деп аталу себебін Мұхтар Қалдаяқов түсіндіріп берді.

"Кеӊес Одағыныӊ халық әртісі Роза Жаманова дүниеден озған соӊ, оныӊ шәкірті, опера әншісі Балапан Жұбаева ұстазыныӊ құжаттарын ретке келтірген. Сөйтіп әншініӊ архивінен алты, жеті қазақ сазгерлерініӊ бұрын-сонды жарық көрмеген туындыларын тауып алған. Олардыӊ арасында меніӊ әкемніӊ әні де болған. Балапан маған қоӊырау шалып, әкеӊніӊ 1961 жылдары жазған, бірақ өзі де, біз де ұмытып кеткен, "Көктем әні" деген туындысы бар екен деді. Инніӊ қолжазбасын Шәмші Қалдаяқов көзі тірісінде Роза Жамановаға берген екен. Сосын осы әнді халыққа жеткізу мақсатында концертіміздіӊ атын да, дискініӊ атауын да осылай атадық",- деді ол.

Дискіге Айдос Жабағин, Гүлзат Дәуірбаева, Бисенбаева, Дархан Жолдыбаев, Фархад Кубиев, Расул Жармағамбетов, Балапан Жұбаева, Қайрат Өмірбеков, Зарина Алтынбаева, Азамат Малышов, Балуан Беркенов, Төлеген Рақымбаев, Жәмилә Баспақова, Алтынай Қожахметова, Диана Шараповалар орындаған сазгердіӊ 21 әні енген.

Осылайша дискініӊ тұсаукесеріне жиналған қауым 70-ші жылдардағы Алматыныӊ ауанына бойлап, оркестрдіӊ сүйемелдеуіндегі жанды дауыспен орындалған әсем әндерді тыӊдап шаттанды.

Бұл шара кезінде Шәмшініӊ "Мойынқұмда ауылым" әнін тіпті сонау Конгодан келіп, Алматыда тұрып жатқан Африка құрлығыныӊ "Jambo Jambo" тобы да орындады. Олар Шәмшініӊ әндерімен қатар, басқа да қазақ әндерін орындап Қазақстанды аралай концерт қойып жүргенін жеткізді.

Тұсаукесер шарасында танымал сазгердіӊ келіні, оныӊ үш немересін тәрбиелеп отырған бақытты ана, бұрынғы журналист, қазір жарнамалық агенттікті басқаратын Ботагөз Қалдаяқова Шәмші Қалдаяқовқа қатысты бір оқиғаны әӊгімелеп берді.

"Бірде Дінмұхамед Қонаев Францияға сапармен барған. Осы сапарында ол әйгілі Шарль де Голльдіӊ қабылдауында болады. Сонда Франция президенті Шәмші Қалдаяқовтыӊ халін сұраған. Қонаев атамыз сасып қалады, өйткені ол Шәмшініӊ халінен бейхабар болған ғой, бірақ ол көп ойланып жатпастан "Шәмшініӊ халі жақсы, жақсы" деп жауап береді де, Алматыға оралған соӊ сазгерді іздеп тапқызып, оныӊ халін өзі сұрап біледі. Бұдан кейін оған жаӊадан салынып жатқан, қазіргі Достық даӊғылындағы үйден пәтер бергізген. Ұлы сазгер өзі мемлекеттен ештеӊе сұрамаған, алғаны жалғыз осы пәтер, қазір онда жұбайы өмір сүріп жатыр",- деді Ботагөз Қалдаяқова.

Ал Мұхтар Қалдаяқов аты аӊызға айналған тұлға, әкесі туралы мюзикл-қойылым қоюды ойластырып жүргені жайлы жоспарымен бөлісті.

Осылайша, патшаларды да бас идіріп, ән падишасына айналған Шәмші Қалдаяқовтыӊ әндері қазақпен бірге мәӊгілікке қалмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны