22.09.2017, 18:30 5653

Алматыда "Шығыс базары" атты тоқыма өнерініӊ халықаралық фестивалі ашылды

Фестивалді Қазақстандағы тігу мен тігін техникасы эволюциясыныӊ символы "Инеден бастап суперкомпьютерге дейін" атты перфоманс ашты. Көрмеде шетелдік жұмыстардан бөлек, Қазақстанныӊ 60 квилті көрсетілді.

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Шығыс базары" халықаралық фестивалі алматылықтар мен қала қонақтары үшін өз есігін ашады. Үш күн бойы Dostyk Plaza СОО-да түрлі құрақ құрау техникасымен жасалған Орта Азиядағы еӊ ірі тоқыма панноларыныӊ көрмесін тамашалауға болады. Бағдарламаныӊ Хедлайнері - "ORIENT" көшпелі халықаралық көрмесі. Бұл дегеніӊіз-Ұлыбритания, Словакия, Чехия Республикасы, Германиядан келген танымал ісмерлердіӊ бірегей авторлық жұмыстары. "Шығыс базары" фестивалінде әлемніӊ түкпір-түкпірінен екі жүзге жуық арт-жұмыстар ұсыналады.

Данияр Алиев, Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы басшысыныӊ орынбасары: "Шығыс базары" фестивалі- Алматыныӊ мәдени және әлеуметтік өміріндегі аса маӊызды іс-шара болып табылады. Осымен алтыншы рет өткізіліп жатқан шара, әлемніӊ көптеген елдері шеберлерініӊ назарын аудартып отыр. Фестиваль болашақта қолөнер саласындағы оқиғалы туризмніӊ үлкен іс-шарасы болмақ".

Фестивалді Қазақстандағы тігу мен тігін техникасы эволюциясыныӊ символы "Инеден бастап суперкомпьютерге дейін" атты перфоманс ашты. Көрмеде шетелдік жұмыстардан бөлек, Қазақстанныӊ 60 квилті көрсетілді. Бұл Алматы, Астана, Шымкент, Семей, Кентаудан келген Құрақ құрау шеберлері қауымдастығы мүшелерініӊ жұмысы.

Тамара Штрошерер, Қазақстандағы Құрақ құрау шеберлері қауымдастығыныӊ президенті, "Patchwork Gilde Deutschland" -тіӊ мүшесі: "Көбісі құрап тігу қазақтыӊ дәстүрлі ұлттық құрақ өнерімен шектеледі деп ойлайды. Шындығында, бұл күллі әлемніӊ жүз мыӊдаған шеберлері мен өндірушілері жұмылдырылған биік өнер және өте үлкен индустрия. Фестивальдіӊ мақсаты- қазақстандық квилтерлерді халықаралық деӊгейге көтеріп, олардыӊ концептуалды және көркем жұмыстар жасаулары үшін шабыттандыру".

Көптеген елдіӊ құрақ құраушы кәсіби мамандары мен шеберлерін біріктіретін "Patchwork Gilde Deutschland"-тіӊ өкілі және "European Quilting Association"-тіӊ экс-өкілі, Биргит Каллердіӊ сөзінше, Қазақстанға әлемге саяхаттаушы "ORIENT"-тен бөлек, Еуропа елдері мен Ресейден "Patch-Kids" балалар жұмыстарыныӊ көрмесі алып келінді.

Тоқыма өнері фестивалініӊ қатысушылары тақырыптық шеберлік сыныптар сериясына, оныӊ ішінде, танымал квилтер Анна Климованыӊ (Ресей) да шеберлік сыныптарына қатыса алады. Ересек шеберлердіӊ байқау жұмыстары, Бас демеуші- "Bernina" тігін машинасы брендініӊ бағалы сыйлықтарымен марапатталады. "Меніӊ бақшам" атты балалар байқауыныӊ жеӊімпазы "Toyota" демеушісінен тігін машинасын алады.

Гаухар Каппарова, LUX Magazine британ басылымыныӊ шақырылған редакторы және контрибьюторы: "Бүгінде көптеген танымал дизайнерлер құрақ құрау техникасымен жасалған топтамаларын жасап жатыр. Жоғары сәнде өнердіӊ бұл түріне деген қызығушылық, аты аӊызға айналған модельер - Ив Сен-Лоранныӊ арқасында пайда болды. Ол 1971 жылы құрақ құрау техникасымен декоративті элементтері бар үлгіні жасап шығарады да жаӊа трендтіӊ пайда болғанын паш етті. Мәселен, құрақтыӊ шығыстық үлгілері көптеген ұлы кутюрьелердіӊ шығармашылығында анық байқалады".

Сондай-ақ, фестивальде танымал тележүргізуші Динара Сәтжан топтамасыныӊ тұсаукесері өтеді. "DS" Сән үйініӊ негізін салушысыныӊ музасы әрі шабыттандырушысы - қазақтыӊ күміс көмей әншісі - Роза Бағланованыӊ өмірі мен шығармашылығы. Одан бөлек Алматы технологиялық университетініӊ студенттері этникалық стильдегі пэчворк техникасымен жасалған "Салт-дәстүр сыры" атты топтама ұсынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны