05.10.2018, 16:01 7470

Алматыда "Шығыстыӊ сәулет жауҺарлары" атты музейлік есеп беру көрмесініӊ ашылу салтанаты өтті

Көрменіӊ мақсаты екі ел арасындағы рухани, мәдени жәнедостық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады. Көрме өнерпаз жастарымыздыӊ фундаменталды білім алуына ықпалы өте зор.

Алматы. 5 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына жолдауын іске асыру және "2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы" аясында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясыныӊ көрме залында, "Кескіндеме, мүсін және дизайн" факультеті студенттерініӊ "Жаӊа дәуір көшбасшылары" және "Шығыстыӊ сәулет жауҺарлары" атты музейлік есепберу көрмесініӊ ашылу салтанаты өтті.

Аталмыш көрмедеел көшбасшыларыныӊтәуелсіздік жолындағы тарихи белестерінен сыр шертетін өнер туындылары қойылды.

Сондай-ақ, "Кескіндеме", "Мүсін", "Сәндік қолданбалы өнер", "Киім дизайн" мамандығы студенттерініӊ тәжірибе барысында жинақталған материалдарын қолдана отырып, Өзбекстандағы тарихи ескерткіштермен, ұлттық мәдениетін шығыстыӊ бояуымен құлпыртып, түрлі материалдармен жұмыс істеп, өз еӊбектерімен бірге, фотокөрмені көрермендерге ұсынды.

Сондай-ақ, Орта Азиядағы Шығыс мәдениетініӊ орталығы, әйгілі Шығыс маржаны болып саналатын Бұқара, Хиуа, Самарқанд қалаларында тәлімгерлікте болған студенттердіӊ плэнерлік өнер туындылары көрмеге қойылды.

Көрмеге қонақ ретінде Өзбекстанныӊ Қазақстандағы елшілігі өкілдері, "Нұр Отан" партиясы Медеу аудандық филиалыныӊ өкілдері, қазақ өнерініӊ танымал суретшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Көрменіӊ мақсаты екі ел арасындағы рухани, мәдени жәнедостық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады. Көрме өнерпаз жастарымыздыӊ фундаменталды білім алуына ықпалы өте зор.

Көрменіӊ шырайын толықтыра түсетін тағы бір көрініс бұл "инсталляция". Бұл инсталляцияда жетекші оқытушылармен, студенттер бірігіп істейтін түрлі түсті маталардан орындалатын ұзындығы бес жарым (5,5) метрлік коллаж. Бұл коллажда шығыстыӊ түркі әлеміндегі сәулет жауҺарларыныӊ алау түсті колориті көрермен қауымды бей-жәй қалдырмады.

Шара аясында Академия студенттерініӊ ұйымдастыруымен өзбекұлтыныӊ билерімен әндері орындалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны