08.04.2008, 12:07 3119

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шұғыл желі ашылды

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шұғыл желі ашылды

Алматы. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шұғыл желі ашылды . Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында "Транспаренси Қазақстан" қоғамдық қор басқармасының төрағасы, Алматы заңгерлер корпорациясының президенті Виталий Воронов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Транспаренси Қазақстан" Еуропалық комиссияның қатысуымен Алматы мен Астана қалаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық орталықтарын ашатын болады. Бүгін біз бірінші орталықтың бір бөлігін құрайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шұғыл желісінің ашылғанын жариялаймыз ", - деп хабарлады В. Воронов.

"Біз қазақстандықтардан сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттарды ғана қабылдап қоймаймыз. Біз жеке тұлғалар мен бірге заңды тұлғалардың, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғап, кеңес беретін боламыз".

"Бүгін Алматыда "шұғыл желі" ашылды, күзде осындай телефон байланысы Астанада да ашылады". "Біз сатып алған номер виртуалды - 2 600 678. Бұл желіде заңгерлік факультетінің студенттері үнемі кезекшілік жасайтын болады. Номер желісі сағат 10-00-нан кешкі алтыға дейін жұмыс істейтін болады ", -деп хабарлады "Транспаренси Қазақстанның " атқарушы директоры Сергей Злотников.

Оның сөздері бойынша телефон арқылы хабарласқан адам өзінің аты-жөнін айтпаса да болады. "Егер ақпарат жасырын түрде болса бұл бір әңгіме, ал егер хабарласқан адам өзінің аты-жөнін айтатын болса, онда оған анкета толтырылады. Бұл анкеталарды біздің заңгерлеріміз өңдейді. Кейбір жағдайларда біз адамдарға ақпараттық көмек көрсетіп, тіпті заңгерлерді дағдарыс орталықтарына немесе мемлекеттік органдарға жіберетін боламыз", - деп түсіндірді С. Злотников.

Ол атап өткеніндей қор заңгерлері сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қорына хабарласқан адамдардың құқықтарын соттарда қорғамайды. "Бұл ұйымның міндетіне және жоба жоспарына кірмейді. Қолдау тек арыз жазуға, шағымдар мен хаттарды толтыру істері бойынша көрсетіледі. Осы арқылы біз адамдардың мәселесін шешуге көмек көрсететін боламыз ", - деді ол.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталықтардың басты мақсаттарына, сыбайлас жемқорлық оқиғаларының куәгерлері мен зардап шеккендерге тиісті мемлекеттік органдарға арыз жазуға көмек көрсету, мемлекеттік органдар және институттарымен қарым қатынастарды орнату, сыбайлас жемқорлықпен күрес саласы бойынша әкімшіліктік, заңгерлік нормаларды жетілдірудің жүйелі ұсыныстарын дайындау міндеттері енгізілген.

Орталықтың негізгі жұмысының стратегиясын азаматтардан келіп түскен ақпаратты пайдаланып, мәселенің жүйелі деңгейіндегі түйінін анықтау жұмысы жатады. Азаматтардан түскен ақпарат сондай-ақ жүйедегі сыбайлас жемқорлықтың дамуына себеп болып отырған "осал тұстарды" анықтауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны