04.09.2015, 11:28 4002

Алматыда сыныптас қызын өлтірген 20 жастағы жігіт ұсталды

Алматы полициясына қаланыӊ ЖОО-ларыныӊ бірінде білім алып жүрген жиені жоғалып кеткені жайлы шағыммен Алатау ауданыныӊ тұрғыны жүгінді

Алматы. 4 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда сыныптасын ұрлап, артынша оны өлтірген жігіт ұсталды, деп хабарлады қаланыӊ ІІД баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы полициясына қаланыӊ ЖОО-ларыныӊ бірінде білім алып жүрген жиені жоғалып кеткені жайлы шағыммен Алатау ауданыныӊ тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Оныӊ айтуынша, бойжеткен үйінен 31 тамызда таӊертеӊгі сағат 10-да шыққан. Сол күні белгісіз біреуден оныӊ ұялы телефонына жиенініӊ ұрланғаны жайлы және оны 4 миллион теӊгеге сатып алу талабымен смс-хабарлама келеді. Біздіӊ бөлімше, криминалдық полиция басқармасы және ІІД тергеу басқармасы қызметкерлерінен тергеу-жедел тобы құрылды. Жоғалып кеткен бойжеткенніӊ банкоматтық карточкасынан ақша алып жатқан кезде күдікті - Қызылорда облысыныӊ 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Олардыӊ бұрын бір сыныпта оқығандығы анықталды", - деді Астана қаласы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасыныӊ бастығы Танат Назанов.

Тергеудіӊ бірінші кезеӊінде күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Одан әрі жедел қызметкерлер жігіттіӊ бойжеткенді ұрлап кеткеннен кейін оны өлтіргенін анықтады.

"Жедел іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттері барысында жылу тас жолыныӊ құдығынан хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 1995 жылы туған А-ныӊ мүрдесі табылды. Оныӊ денесі бірнеше жерден пышақталып, аяқ-қолы байланған күйде табылды. ҚР ҚК 128-бабына сәйкес күдікті қамалды. ҚР ҚК 125 (адам ұрлау), 99-баптары (кісі өлтіру) бойынша сот алды тергеу басталды. Басқа мән-жайлар өндіріс барысында анықталады", - деп мәлімдеді Назанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны