09.02.2010, 14:49 3367

Алматыда сот Тимур Құлыбаев туралы ақпаратты таратпау туралы өз анықтамасын алып тастады

Алматыда сот Тимур Құлыбаев туралы ақпаратты таратпау туралы өз анықтамасын алып тастады

Алматы. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда сот Тимур Құлыбаев туралы мәліметтерді таратпау туралы өз анықтамасын алып тастады. Анықтаманы алып тастау туралы шешімді бүгін Медеу аудандық сотының судьясы Данна Махметова жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Иділ сөз" қоғамдық бірлестігінің хабарламасына сілтеме жасап.

"Алматының Медеу аудандық сотында "Голос Республики" газетінің шағымы бойынша Т.Құлыбаевтың ар-ұжданы мен беделіне қатысты мәліметтерді таратпау туралы анықтаманы алып тастау туралы сот мәжілісі өтті", - деп хабарлайды "Иділ сөз".

"Бұрын аталған анықтаманы шығарған судья Д. Махметова осы жолы Т.Құлыбаевтың шағымын қараусыз қалдырып, БАҚ-тарға қатысты өз анықтамасын алды. Мұндай шешім шығаруға шағым иесінің дауды сотқа жеткізбей шешу процедурасын ұстанбауы негіз болған", - делінген хабарламада.

Бұдан бұырн да хабарлағанымыздай, Қазақстанның KazEnergy қауымдастығы басқармаларының төрағасы Тимур Құлыбаев "БТА Банктің" бұрынғы басшысы Мұхтар Аблязовтың үстінен өз құқығын қорғау жөнінде сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай 3 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес, БАҚ-тағы хабарламалар қылмыстық қудалау органдары үшін тексерулер жүргізуге негіз болып табылады. Алайда Құлыбаев мырза сотқа өз құқығын қорғау жөнінде және Аблязовтың жекелеген БАҚ-тар арқылы таратып жүрген, өзінің ар-ұжданы мен беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жоққа шығару жөнінде шағым түсірді", - деді М. Жұманбай журналистер сауалына берген жауабында.

Оның хабарлауынша, "Алматы қаласының Медеу аудандық соты аталған ақпарат таратылған БАҚ өнімдерін тұтқындау, оны таратуға тыйым салу және осындай ақпарат шыққан баспа өнімдерінің шығарылымын тоқтата тұру жөнінде анықтама шығарды".

"Қаржы полициясы органдары түпкілікті шешімді сот процессінің қорытындысы бойынша қабылдайды", - деді қаржы полициясының өкілі.

Еске сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын БАҚ-тарда "БТА Банктің" бұрынғы басшысы Мұхтар Аблязовтың KazEnergy қауымдастығы басқармаларының төрағасы Тимур Құлыбаев тарапынан жасалған бірқатар заң бұзушылықтар мен бюджет қаражатын ұрлау оқиғалары туралы мәлімдемесі жария етілген болатын. М. Жұманбайдың айтуынша, "мұндай мәлімдеме қаржы полициясы органдарына да келіп түскен".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны