16.02.2015, 17:56 3588

Алматыда спидвейден өтіп жатқан Илем чемпионатыныӊ алғашқы күнгі жүлдегерлері анықталды

Алматыда "Медеу" спорт кешенінде спидвейден (мотожарыс ) 50-ші мерейтойлық жеке Илем чемпионатыныӊ үшінші кезеӊініӊ алғашқы күнгі жарысы ұйымдастырылды

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда "Медеу" спорт кешенінде спидвейден (мотожарыс ) 50-ші мерейтойлық жеке Илем чемпионатыныӊ үшінші кезеӊініӊ алғашқы күнгі жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ алдында чемпионаттыӊ салтанатты ашылу рәсімі өтті. Онда Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары Юрий Ильин қала тұрғындары мен қонақтарын жарысты тамашалауға жиналғандарына ризашылығын білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Алматы қаласында бұл спорт түрі бойынша жарыс соӊғы рет бұдан 23 жыл бұрын өткізілген екен. Енді осы мерейтойлық Илем біріншілігініӊ тағы да осы "Медеу" мұз айдынында ұйымдастырылуы және оған қазақстандық спортшылардыӊ қатысуы бұдан кейін қаламызда және бүкіл республикамызда спидвейдіӊ дамуына ықпал етеді деген үміттемін. Біз 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматы қаласында өткізуге күш салып жатқанымызды білесіздер. Өйткені Алматы - спорттық қала. Біз мұны мақтан тұтамыз", - деді Ю. Ильин.

Ал мотожарыстар прожекторлардыӊ жарығымен өтті. Трибуналарға халық лық толды десе де болады. Көрермендердіӊ күткеніндей, мұз айдынындағы жарыс шиеленіске толы болды. Екінші айналымда-ақ сағатына 100 шақырым жылдамдықта келе жатқан спортшылар - австриялық Франц Цорн мен Харальд Симон бір-бірімен соқтығысып қалды. Олардыӊ артынан келе жатқан германиялық Ханс Вебер спортшыларды басып кетпес үшін қоршауға барып соғылды.

Қысқасы, мұндай жағдайлар әр айналымда орын алып жатты. Өкінішке қарай қазақстандық Владимир Чеблаков та соқтығысқа ұшырады.

Сонымен, жартылай финалға бес ресейлік, екі австриялық және бір швециялық спортшы шықты.

Ал ақтық сында ресейлік Дмитрий Колтаков алғашқы күнніӊ жеӊімпазы атанды. Екінші орында австриялық мотоспортшы Франц Цорн, ал үшінші орынды ресейлік Дмитрий Хомицевич иеленді.

Айта кетелік, аталмыш Илем біріншілігіне әлемніӊ алты елі - Швеция, Австрия, Германия, Ресей, Чехия және Қазақстаннан барлығы 18 спортшы қатысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны