28.05.2018, 21:25 7764

Алматыда "Спорт меніӊ ауламда" жобасыныӊ аясында ұлттық спорт түрлерінен семинар өтті

Олар қатысушыларға "Спорт меніӊ ауламда" бағдарламасына ұлттық спорт түрлерін ендіруге бағытталған жұмыстар туралы айтып өтті. Сонымен қатар, асық ату мен тоғызқұмалақ ойындарыныӊ ережелерімен таныстырды.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Алматылық көп бейінді колледжде "Спорт меніӊ ауламда" әлеуметтік бағдарламасыныӊ аясында асық ату және тоғызқұмалақ ұлттық спорт түрлерінен нұсқаушыларға арналған семинар өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Семинарға асық ату республикалық федерациясыныӊ вице-президенті Жомарт Сабыржанов, Қазақстан Республикасыныӊ тоғызқұмалақтан төрешілер дирекциясыныӊ директоры Мейрамқұл Ноғайбаев және Алматы қаласыныӊ тоғызқұмалақ федерациясыныӊ вице-президенті Алимжан Қыдырбаев қатысып, жаттықтырушыларға дәріс берді. Олар қатысушыларға "Спорт меніӊ ауламда" бағдарламасына ұлттық спорт түрлерін ендіруге бағытталған жұмыстар туралы айтып өтті. Сонымен қатар, асық ату мен тоғызқұмалақ ойындарыныӊ ережелерімен таныстырды.

"Біз мәдени құндылықтарды, атадан балаға мирас болған ұлттық спорт түрлерін ұлықтап, насихаттауымыз керек. Негізінде, асық атудыӊ да түрлері көп. Бірақ, ел арасында танылғаны, әрі жеӊілі бестабан. Дәстүр бойынша ата-аналарымыз асықтарды ырым қылып жинаған. Сондықтан, асық ату қолжетімді ұлттық ойын. Біз бұл спорт түрін тек республикалық деӊгейде ғана емес, халықаралық деӊгейде де дамыту керекпіз. Онымен қоса, асық ату ЮНЕСКО мәдени мұра тізіміне кіріп, Ұлттық Олимпиада комитетімен мақұлданған спорт түрі", - деп бөлісті Жомарт Сабыржанов.

Семинардыӊ басты мақсаты тоғызқұмалақ, асық ату, сондай-ақ, басқа да ұлттық спорт түрлерін "Спорт меніӊ ауламда"жобасыныӊ қатысушылары арасында насихаттап, дәріптеу. Енді бұл спорт түрлері күнделікті бағдарламағаенгізетін болады.

"Осы жылы біздіӊ клуб "Спорт меніӊ ауламда" бағдарламасымен тығыз жұмыс жасайтын болады. Сонымен қатар, бұл жоба аясында аула алаӊдары 2018 жылы екі еселеніп, 150-ге жетті. Біз алаӊдарда балалар мен жасөспірімдерді ұлттық спорт түрлерінен жаттықтырамыз. Алдағы уақытта, түрлі жарыстар, қала чемпионаттарын өткіземіз. Мұндай шаралар олардыӊ жеӊіске деген ынталарын арттырады деген ойдамын", - деді ұлттық спорт түрлері клубыныӊ директоры Нұрғиса Нұрғалиев.

Айта кетер жайт, семинардыӊ соӊында жаттықтырушылар мен нұсқаушыларға Федерация атынан асық атудан сертификаттар табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны