10.06.2010, 17:25 3274

Алматыда спорттық акробатикадағы екі жас әлем чемпионатына қатыса алмайды

Алматыда спорттық акробатикадағы екі жас әлем чемпионатына қатыса алмайды

Алматы. 9-маусым. Kazakhstan Today - Алматыдағы спорттық акробатикадағы екі жас қаржыландырудың болмауына байланысты әлем чемпионатына қатыса алмайды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне құрама команда мүшелерінің бірі Виктор Дрюков хабарлады.

Оның айтуынша, бұл сапарды бір де бір мемлекеттік немесе қоғамдық құрылым қаржыландыра алмай отыр. "Жаттықтырушының айтуынша екі адамның әлемдік чемпионатқа баруына 500 мың теңге қажет",- деп хабарлады Виктор Дрюков.

Виктор Дрюков айтуынша, ҚР Туризм және спорт министрлігі де, спорт комитеті де мұндай шараларды қаржыландырмайды. "Спорт министрлігі бізге спорттық киімдер берді", деп еске алды Виктор Дрюков.

Агенттік тілшісінің осы екі жастың мүмкіндіктері қандай деген сұрағына Виктор Дрюков олардың бастапқы үштікке кіре алатындықтары туралы айтқан. "Біздегі бағдарлама өте жақсы, пысықталған",- деді Виктор Дрюков.

Агенттік ҚР мемлекеттік спорттық акробатика жаттықтырушысы Айгүл Бикеновға осы жәйтті түсіндіруді өтінген болатын. "Федерацияда ақша жоқ, ал бізге көмек көрсетуге тиіс адамның қолынан бұл мәселе әзірге келмей отыр",- деп түсіндірді А. Бикенова.

Ересектер арасындағы әлемдік акробатика чемпионаты 13 шілдеде өтеді. Чемпионатқа қатысуға әлемнің 50 елінің 256 спортшысы өтініш білдірген. Қазақстанның құрама командасының құрамына Павладар, Петропавл, Қарағанды және Алматы қалаларынан кіреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны