18.06.2018, 23:40 6222

Алматыда "Star of Аsia" атты екінші жыл сайынғы фестиваль болып өтті

Алматыда өткен екі демалыс күнінде 30 000 адамныӊ басын қосқан "Star of Аsia" атты екінші жыл сайынғы фестиваль болып өтті.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда өткен екі демалыс күнінде 30 000 адамныӊ басын қосқан "Star of Аsia" атты екінші жыл сайынғы фестиваль болып өтті. "Медеу" биік тау шаӊғысы мұз айдыныныӊ сахнасында өнер көрсеткен шетелдік әрістер байқаудыӊ ұйымдастырылу деӊгейінен және өз жанкүйерлерініӊ жылышырайлы қабылдауынан алған әсерлерімен бөлісті. Илемдік эстрада жұлдыздары "Star of Аsia" - тек Орталық Азияда ғана емес одан да жоғары деӊгейдегі музыкалық байқау екенін бір дауыстан қолдады.

"Мен үшін мұндай ауқымды іс-шараға, осындай фестивальге қатысу үлкен мәртебе. Меніӊше, "Star of Аsia" - тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл түркітілдес мемлекеттер үшін ауқымды оқиға болмақ. Бұл тамаша және бүгін бәрі де ойдағыдай болса деп тілеймін. Еӊ бір атап өтерлігі, бұл жерде классика мен заманауи өнер үйлесім тауып, түрлі музыкалық стильдер бір-бірімен тоғысып, жаӊаша әрі өзгеше дүние тудырды", - деді Изербайжаннан келген Диляра Кязимова.

Инші Севара Назархан да көрермендерді оӊ көӊіл-күйге бөледі. Тірі дауыспен ән салған әртістіӊ сахнадағы өнер көрсеткен сәтінде аппаратураныӊ сәл уақытқа ақауға ұшырауы да фестиваль қонағыныӊ әсері мен көӊіл-күйіне сызат түсіре қойған жоқ.

"Star of Asia" - еӊ алдымен сахна төрі. Бұл оқиғаныӊ өзі кездейсоқ жүргізіліп отырған жоқ. Бұл жерде танымал өнер тарландары да, эстрада өнеріне енді ғана қосылған жасүрпектер де баршылық. Көрермендер де ысылған, ерекше құрмет, ыстық ықыласпен қарсы алуы да аса маӊызға ие. Меніӊше, бұл - Қазақстандағы басты оқиғалардыӊ бірі. Мұндай ауқымды өнер байқауын әлемдегі елдердіӊ барлығы бірдей ұйымдастыра алмайды. Бұл сахнаныӊ өз ерекше тарихы бар, осындай сахналар сансыз болғанымен, мұндай жылы тарихы бар сахна жоқтыӊ қасы. Мұнда келген қонақтардыӊ барлығын тарихтыӊ тереӊіне үӊілдіру керек. Бұл жерде тамаша концерттер ұйымдастыруға болады және сондай оқиға болып та жатыр", - деді Севара.

"Серебро" тобыныӊ жеке орындаушылары да фестиваль мен жылы шырайлы қабылдаудан үлкен әсер алған.


"Біз бүгін өзімізді ханшалардай сезіндік және бұл тамаша сәт болды. Star of Asia - аса ауқымды фестиваль. Келесі жылы бұдан да көп жұлдыздар келуіне, түрлі елдерден әртістер көп болуына тілектеспін. Бұл - аса көркем табиғаты бар жер және оған көпшіліктіӊ келуге ықыласы зор", - деді топтыӊ жеке орындаушысы Ольга Серябкина.

Иртістермен қатар мегаполиске бұл іс-шара туралы ақпарат тарату үшін Еуропа, Оӊтүстік Корея, Өзбекстан, Түркия және басқа да елдерден журналистер мен танымал блогерлер де келді. Шоу туралы ақпарат әлемніӊ 118 еліне таратылды.

Айта кетейік, "Star of Asia", "Spirit of Tengri", "Ұлы дала ойындары", "Алматы Марафон" және "Tour of Almaty" сынды музыкалық , спорттық шаралардыӊ, халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесі, Бүкіләлемдік Универсиада, Экономикалық ынтымастастық және даму ұйымыныӊ Еуразиялық апталығы секілді ауқымды іс-шаралардыӊ өтуі туристер легіне оӊ ықпал етті. Айталық, соӊғы үш жылда шетелдік туристер саны 14%-ға өсті. Алматыда тек биылғы жылдыӊ алғашқы тоқсанында Оӊтүстік Корея, Үндістан, Ресей, ҚХР, Түркия, АҚШ және Германиядан 130 мыӊнан астам адам келген. Туристік лектіӊ 80%-ға жуығы қалған үш тоқсанда келмек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны