06.06.2018, 17:29 8624

Алматыда "Star of Asia" фестивалініӊ көрермендері түнгі сағат 00:00-ге дейін тасымалданады

Алматыда 16-17 маусым күндері халықаралық "Star of Asia" музыка фестивалі өтеді.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда 16-17 маусым күндері халықаралық "Star of Asia" музыка фестивалі өтеді. Бұл ашық ауадағы музыкалық сахна және әлемдегі еӊ биік мұз айдыны "Медеуде" әлемдік деӊгейдегі әртістер өнер көрсетіп, көптеген көӊіл көтеру шаралары өтеді.

Фестиваль көрермендері үшін арнайы автобустар қатынайтын болады. Жиналатын орындар: Абай даӊғылы, 44 - Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайыныӊ жаны және Достық даӊғылы,Құрманғазы көшесініӊ бұрышы. Жолаушы көліктері сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін жүреді. "Медеу" биік мұз айдынан рейстер сағат 22:00-ден бастап қайтады. Жолақысы -150 теӊге.

Ұйымдастырушылар "Медеу" мұз айдынына жеке автомобильдер қозғалысына шектеу қойылатынын ескертеді, фестиваль күндері жеке көліктер тұрағы бір есе ғана көбейеді.

Айта кетерлігі, биік тау шатқалында ауа температурасы қаладағыдан едәуір төмен. Сондықтан сыртқы киімдерді (ветровкалар, күртешелер), жамылғыны бірге алған жөн.

Еске салсақ, фестиваль билеттері starofasia.kz, kassir.kz, zakazbiletov.kz сайттарында,Меломан мен Республика Сарайы кассалар жүйесінде сатылады. Толық ақпаратты @starofasia2018 және www.starofasia.kz. порталынан алуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны