22.08.2018, 21:57 8697

Алматыда студенттерге арналған жаӊа жатақханалардыӊ құрылысы аяқталуда

Биылғы жылы көктемде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Бес әлеуметтік бастаманы" атай отырып, студенттерге арналған жатақхананыӊ жетіспеушілік мәселесін шешуді тапсырған болатын. Өз кезегінде, еліміздегі барлық жоғарғы оқу орындарыныӊ үштен бірі орналасқан Алматыда 22 мыӊнан асатын студент жатақхананы қажет етеді екен.

Алматы. 22 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек күнделікті жұмыс сапары барысында қаладағы студент жастарға арналған жаӊа жатақханалардыӊ құрылысыныӊ қарқынын тексеріп шықты.

Биылғы жылы көктемде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Бес әлеуметтік бастаманы" атай отырып, студенттерге арналған жатақхананыӊ жетіспеушілік мәселесін шешуді тапсырған болатын. Өз кезегінде, еліміздегі барлық жоғарғы оқу орындарыныӊ үштен бірі орналасқан Алматыда 22 мыӊнан асатын студент жатақхананы қажет етеді екен.

Бұл үшін, соӊғы үш жылда қаламызда 37 жаӊа жатақхана салуды жоспарлап отыр. Бүгінде жеті жатақхананыӊ құрылысы жүріп жатыр, төртеуі ағымдағы жылдыӊ аяғына дейін пайдалануға берілмек.

Тағы 12 жоғарғы оқу орнында 4,8 мыӊ орындық жатақхана құрылысы үшін учаскені анықтап қойды. Сондай-ақ, қалада 19 жатақхана салу үшін жер беріліп отыр.

Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында Бостандық ауданында салынған 400 орындық алты қабатты жаӊа жатақхананы көріп шықты. Бүгінгі күні мұнда тұрғын және тұрмыстық бөлмелерді жиһазбен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мекеменіӊ енгізілуімен қала сыртындағы студенттерге арналған тұрғын үйге қажеттілікті толығымен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы 600 орындық тоғыз қабатты жатақхана құрылысы аяқталуда. Қазіргі уақытта алаӊы 11 мыӊ шаршы болатын ғимараттыӊ ішкі әрлеу және тиісті аумақтарды көріктендіру жұмыстары жүргізілуде.


Атап айтсақ, "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасын" жүзеге асыру аясында биылғы жылы "Алматы жастары" бағдарламасы жалғасуда. Жас отбасыларға жеке тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беру мақсатында бастапқы төлемсіз 5% мөлшерлемемен 2 млрд. теӊге бөлінді.

Қалалық биліктіӊ жұмысыныӊ басымдықтарыныӊ бірі қолжетімді тұрғын үй құрылысы болып табылады. Соӊғы жылы Алматыда тұрғын үй құрылысыныӊ қарқыны 4 есеге өсті, ал әр үшінші кезектегілер пәтер алды. 1,9 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 16,5 мыӊ жаӊа пәтерлер салынды. Жақын арада тағы 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 17 мыӊнан аса пәтерлер салынатын болады.

Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша 2016 жылдан бері бюджет есебінен бала бақшалардыӊ төлем бағасы 2,5 есе төмендеді.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны