30.04.2008, 19:12 6651

Алматыда су тарифі жуырда өзгере қоймайды - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Алматыда су тарифі жуырда өзгере қоймайды - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Алматы. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда су тарифі жуырда өзгере қоймайды ,- деп хабарлайды агенттік ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қалалық департаментіне сілтеме жасап.

" "Водоканал" ҚКК тарифті өзгерту жөнінде бізге әзірге құжаттар тапсырған жоқ. Бұл көп уақыт жұмсауды талап ететін қиын процесс", -деді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қалалық департаментінің директоры Борис Оленев.

Еске сала кетейік, Алматы қалалық "Водоканал" ҚКК суға әртүрлі тариф енгізуге ниет білдірген болатын. Б. Оленевтің хабарлауынша, бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде "Водоканал" өкілдерінің қатысуымен кеңес өтіп, онда түрлі тариф белгілеу мәселесі талқыланды.

"Олар заң бойынша су шығындарын, қызметкерлерінің санын және орташа тарифті және басқа да жайттарды қорғап, дәлелдеп шығуға тиіс. Олар бізге өтініш бергеннен кейін процедура бойынша біз оны 90 күн ішінде қараймыз", -деді Б. Оленев. "Сол себепті судың тарифтері ертең өзгере қоймайды", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Водоканал" ҚКК мен Алматы қалалық әкімшілігі суға әртүрлі тариф енгізбекші. "Біз тәулігіне бір адамға 150 литр (4,5 текше метр) көлемінде тұтынатын тұрғындар үшін тарифтерді көтермеуді ұсындық. Ал халықтың қалған бөлігін 3-4 санатқа бөліп, тиісінше жаңа тариф белгіленеді. Барлық шығындарды нақты есептегенде, бір литр судың өзіндік құны 45 теңге болады. Есептерді осыған негіздеп жасаймыз", - деді Қ. Базилов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны