13.08.2015, 17:26 3705

Алматыда су таситын көлік аударылып, 2 адам мерт болды

Алматыда Гроза көшесінде су таситын көлік автобусқа соғылып, кейін аударылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.Салдарынан 2 адам көз жұмып

Алматы. 13 Тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда Гроза көшесінде су таситын көлік автобусқа соғылып, кейін аударылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.Салдарынан 2 адам көз жұмып, тағы бесеуі зардап шеккен.

Қайғылы оқиға Каменка кентінде орын алды. Рөлге ие бола алмай қалған су таситын көлік жүргізушісі автобусқа соғылып, кейін аударылған. Жол апатынан автобустыӊ 5 жолаушысы жапа шекті, бір қыз оқиға орнында мерт болды. Ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген екінші адам көп ұзамай көз жұмды. Су таситын көлік жүргізушісі де ауруханаға түсті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұған қоса, жүк көлігі электр бағанын қиратып, тұрақта тұрған BMW көлігіне соғылған.

"Алматыныӊ Наурызбай ауданында ЗИЛ маркалы су таситын көліктіӊ қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды", - деп мәлімдеді Алматы ІІД баспасөз қызметінен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны