23.10.2015, 18:36 4692

Алматыда тағы бір ірі базар отқа оранды

Алматыда тағы бір базар өртенді. Бұл жолы "оптовка" деген атпен танымал "Жұлдыз" базары отқа оранды. Дөнер дүӊгіршегінен басталған тілсіз жау 300 метр аумаққа таралып үлгерген. Ал оқыс оқиғаға электр желісіндегі ақау себеп болуы мүмкін. Бірақ алдыӊғы өрттерден секем алып қалған саудагерлердіӊ бұған сенгісі жоқ

Алматы. 23 Қазан. Kazakhstan Today - Алматыда тағы бір базар өртенді. Бұл жолы "оптовка" деген атпен танымал "Жұлдыз" базары отқа оранды. Дөнер дүӊгіршегінен басталған тілсіз жау 300 метр аумаққа таралып үлгерген. Ал оқыс оқиғаға электр желісіндегі ақау себеп болуы мүмкін. Бірақ алдыӊғы өрттерден секем алып қалған саудагерлердіӊ бұған сенгісі жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

-Өрт! Ойбай өрт!

Алыстан көрінген көк түтін таӊмен таласа оянған саудагерлердіӊ төбе шашын тік тұрғызды. Бастапқыда кіреберістегі бутиктердіӊ бірі түтіндеген екен. Бірақ артынша тұтанған от қалғандарына да тарап кеткен, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

Асыл Сейітова, саудагер:

- Алдын алған жоқ! Сырттан шыққан өртті ішке қарай жібермеуге болар еді! Соны ішін ашып ертерек өшіргенде! Пожарныйлар да келді сусыз келді тұрды пожарниктер де. Бірінші келген пожарник просто келіп қарап тұрды!!!

Ирқайсысы тауарларымен қосқанда, кем дегенде, 10 миллион теӊге тұратын контейнер иелері бәріне кінәлі дөнерші деп отыр.

Мұрат Битімбаев, саудагер:

-Таӊғы жетіге жиырма минут қалғанда мына бұрыштағы самсадан от көрінді. Пока пожарныйлар келгенше, от ұлғайып... Біз өшіре алмадық оны! Налогтыӊ қағазы бәрі кетті, кассовый аппарат бәрі кетті!/

Расында да өрт дөнер әзірлейтін дүӊгіршектен тараған көрінеді. Бастапқыда құтқарушыларға көрінбей қашқақтап жүрген оныӊ иесі бәрі өртеніп біткенде, болған жайтты бізге өзі баяндап берді.

Ерлан Канетов, дөнер дүӊгіршегініӊ иесі:

- Біз келген кезде уже түтеп жатты. Біз аштық тағы, сразу огнетушитель алып келіп, өшірмекші болдық. Сол кезде кабельден былай қарай уже тез жанатын болғаннан кейін өрт солай басталып кетті.

Есесіне, өрт сөндірушілер басқа сатушыны жағадан алып әлек. Айтуларынша, өрт осы саудагер қыздыӊ термосынан шығыпты.

Жанна Ахметова, саудагер:

-Бензині бар термостан өрт шықты деген бір несі бар жаӊағы варианты бар. Ол термос менікі емес! Бірақ термосты ішінде бензинімен тапқан.

Десе де, апатқа термос емес, электр сымыныӊ қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Мұны базар күзетшілері де растап отыр. Ал сауда орныныӊ сол күйі төбе көрсетпей қойды. Шығынныӊ өтеуін кімнен дауларын білмей саудагерлер қалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны