01.07.2018, 22:26 3426

Алматыда тағы бір жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып, онда сақ мәдениетініӊ музейі пайда болады

"Рухани жаӊғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында сақ қорғаны орналасқан аумақта жаӊа мәдени орталық құру жоспарланған. Ашық аспан астындағы музей келушілерді Қазақстан жерін мекендеген ертедегі көшпенділердіӊ бай тарихымен таныстырып, қаланыӊ жаӊа туристік көрнекі орнына айналады.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда тағы бір жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып, онда сақ мәдениетініӊ музейі пайда болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алматыда ашық аспан астында сақ мәдениетініӊ музейі пайда болады. Алматы әкімдігі мен екінші деӊгейлі бір банк арасында Розыбакиев-Штраус-Ескараев-Радостовец көшелері қиылысындағы 2,7 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі келісімге қол жеткізілді",- деп хабарлайды әкімдік.

"Рухани жаӊғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында сақ қорғаны орналасқан аумақта жаӊа мәдени орталық құру жоспарланған. Ашық аспан астындағы музей келушілерді Қазақстан жерін мекендеген ертедегі көшпенділердіӊ бай тарихымен таныстырып, қаланыӊ жаӊа туристік көрнекі орнына айналады.

Жоба барысында біздіӊ дәуірімізге дейінгі V ғасырда пайда болған жартылай қираған қорғанды, тас қоршауларды, оныӊ жоғары жағындағы сақиналарды қалпына келтіру жоспарланған. Архитектуралық ескерткіштіӊ іш жағында сақталған артефактар түрлері бар бөлмелер, ертедегі көшпенділердіӊ тарихы мен мәдениетін паш ететін географиялық кино көрсететін аудиовизуалды залдар болады.

Еске салсақ, бұрын Алматы әкімдігінде ел Президентініӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға орай кеӊес өтіп, онда Розыбакиев көшесі бойындағы "Мега" сауда орталығы маӊынан табылған сақ ескерткішініӊ орнына ашық аспан астындағы музей салу жөнінде ұсыныс айтылған еді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұл ұсынысты қолдап, жерді мемлекет меншігіне қайтарудыӊ механизмін ойластыруды тапсырған болатын.

"Мен жерді меншіктеген жандар өз тарихымызды біледі және құрметтейді деп ойлаймын. Біз кейде тарихымыздыӊ жойылып бара жатқанын да байқаймыз, ал бұл орны толмас рухани, мәдени және экономикалық зиян шектіреді. Ирине, асфальт төсеп, бірдеӊені орнатуға болады, бірақ қалаға қайтарса, пайда зор болатыны анық", - деп еді сонда Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, күні кеше ғана белгілі болғанындай, "TURKUAZ GROUP OF COMPANIES" компаниясы өз еркімен "Южный" саябағында тұрғын үй кешенін салатын жер учаскесін мемлекет пайдасына қайтарды.

Бұрын әкімдіктіӊ қаулысымен Қазақстанныӊ "Атакент" іскерлік орталығымен арадағы 23 гектар жерді уақытша жалға беру келісімініӊ күші жойылды. Кейін басқарушы компания жеке меншіктегі тағы да сегіз гектар жерді тегін қайтару жөнінде міндеттеме қабылдады.

Алматыда осы апта ішінде қаланыӊ коммуналдық меншігіне қайтарылған Баум бағын абаттандыру басталды. Жүргізілген мониторинг барысында 2,5 гектар жерді өз беттерінше басып алғандар анықталды. Мегаполис басшысы заӊға сүйене отырып, басып алған бауды қайтаруды және жасылдандыру жүргізуді тапсырды.

Бұлардан өзге, Алматы әкімдігі қала ипподромы мен "Сайран" автовокзалын тарихи-мәдени мұраныӊ алдын-ала жасалған тізіміне енгізді. Осы сәттен бастап ғимараттыӊ сыртқы келбетін өзгертуге, ішін қайта жоспарлауға, мақсатты пайдаланылуын ауыстыруға, қорғалатын аймақты бұзуға тыйым салынады. Ғимаратты жаӊарту және жөндеу жұмыстарыныӊ барлығы өкілетті органныӊ келісімімен ғана жасалады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны