22.09.2018, 19:45 7154

Алматыда тағы бірнеше бағыттардыӊ автобустары жаӊарды

Мегаполис басшысы субсидия бөлу арқылы жылжымалы составты жаӊартқан автопарктерге қолдау көрсетілетінін айтты. Дегенмен, тасымалдаушылар жүргізушілердіӊ мәдениетін және қызмет көрсету сапасын арттырулары тиіс.

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда көлікті реформалау және жолаушы көлігініӊ тұрақты жүйесін қалыптастыру аясында жылжымалы составты жаӊарту одан әрі жалғасуда. Алматы әкімі жұмыс сапары кезінде жеке тасымалдаушылар алған бірқатар бағыттарды, соныӊ ішінде қалаға жақын аумақтарды қамтитын жаӊа автобустарды көрді.

"Бұрындары біз 20 жыл бұрын алынған ескі автобустармен жұмыс істедік, соныӊ салдарынан қозғалыс кестесі сақталмайтын, жолаушылар реніш білдіретін. Қазіргі кезде жеке қаржымызға жалпы сыйымдылығы 70 адамға дейін жететін Yutong маркалы Евро-5 экологиялық сыныптағы 30 автобус сатып алдық", - деп хабарлады "Қаскелеӊ автобус паркі" ЖШС директорыныӊ орынбасары Қайрат Юсупов.

Бұл автобустар №23 (Қырғауылды - Бесағаш поселкелері) және №78 ( Саяхат автобекеті -Жалпақсай поселкесі) бағыттары бойынша жүреді, күніне орташа есеппен 15 мыӊға дейін жолаушы тасымалдайды.

Бұлардан өзге, "Олжас LTD" автопаркі жылжымалы составтыӊ тағы төрт бірлігін сатып алды. Сыйымдылығы орташа автобустар №62 бағыт бойынша жүреді, жолаушы ағыны артқандықтан бұрынғы жаӊарған автобустардыӊ қатарын толықтырады.

Мегаполис басшысы субсидия бөлу арқылы жылжымалы составты жаӊартқан автопарктерге қолдау көрсетілетінін айтты. Дегенмен, тасымалдаушылар жүргізушілердіӊ мәдениетін және қызмет көрсету сапасын арттырулары тиіс.

Жалпы, жыл аяғына дейін жаӊарған қоғамдық көліктіӊ үлесін 80%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны