24.01.2018, 15:09 4135

Алматыда тағы екі бағыттыӊ автобустары жаӊарды

Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда биылғы жылы сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынды, олардыӊ 260-ы бағыттар бойынша жолда жүр, тағы да 130 жаӊа автобус ақпан айыныӊ соӊына дейін кезеӊмен бағыттарға шығады.

Алматы. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаӊалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, бүгін жаӊа автобустар №131 және №115 бағыттары бойынша жолға шықты.

Мысалы, №115 бағыты бойынша Евро-5 экологиялық сыныбындағы 16 автобус қызмет көрсетуді бастады.Бұлар - 9,5 метрлі автобустар, олар кондиционерлермен, видебақылау камераларымен, пандустармен және басқаларымен жабдықталған. Қалалықтардыӊ көптеген өтініштері бойынша бағыттар трассировкаларына өзгерістер енгізілді. Бұдан былай "Өжет" базары бекетінен шыққан көліктер Алатау ауданыныӊ "Теректі" ықшам ауданына дейін барады.

Медеу ауданындағы "Рахат" кондитер фабрикасы мен Қоӊыр көшесініӊ арасын қамтитын №131 бағытында тар жолдарда жүруге ыӊғайлы сыйымдылығы шағын автобустар жүре бастады. Бұл бағытқа 10 жылжымалы состав бірлігі бөлінген, қозғалыс интервалы 5 минут.

Бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаӊа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаӊарып, №1 бағыт пен №201 магистральды бағыты ашылған еді.Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.

Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда биылғы жылы сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынды, олардыӊ 260-ы бағыттар бойынша жолда жүр, тағы да 130 жаӊа автобус ақпан айыныӊ соӊына дейін кезеӊмен бағыттарға шығады. Өз кезектерінде жеке тасымалдаушылар да 254 жаӊа автобус алды,олардыӊ 91 - і қала жолдарында қызмет көрсетуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны