30.10.2018, 18:23 14737

Алматыда "Тамырым жайылған қазақ жері. Я в эту землю врос корнями" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қазақ, неміс және орыс мәдениетініӊ дәстүрлерін меӊгерген Г.Бельгердіӊ шығармашылық мұрасы, мәдениетаралық үн қатуды қалыптастыруда, болашақ ұрпаққа арналған құндылық өсиетін жинауда моральдық, рухани басшылыққа айналды.

Алматы. 16 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасыныӊ "Қазақстан кітаптары" оқу залында атақты Қазақстан жазушысы, аудармашы әрі публицист Герольд Бельгердіӊ өмірі мен шығармашылығына арналған "Тамырым жайылған қазақ жері. Я в эту землю врос корнями" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Герольд Карлович Бельгердіӊ аты әрбір қазақстандыққа таныс. Неміс, қазақ және орыс тілдерін еркін меӊгерген әйгілі жазушы.

Г.Бельгер 1934 жылы 28 қазанда Саратов облысыныӊ Энгельс қаласында Поволжье немістерініӊ отбасында дүниеге келген. 1941 жылы оныӊ отбасы Қазақстанға, Есіл өзені бойындағы қазақ ауылына жер аударылды. Ауылда өсіп, қазақ орта мектебінде оқыды. 1958 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтыныӊ әдеби бөлімін (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), 1963 жылы сол институттыӊ аспирантурасын бітірді.

Еӊбек жолын 1953 жылы лаборант, содан кейін Солтүстік Қазақстан облысыныӊ орта мектебінде мұғалім болып бастады. 1963 жылдан бастап "Жұлдыз" журналы әдебиет бөлімініӊ қызметкері, 1989 жылдан неміс ұлттық мәдени орталығыныӊ төрағасы, 1995 жылдан "Феникс" альманахыныӊ бас редакторы, 1998 жылдан "Сорос-Қазақстан" қорыныӊ басқарма төрағасы. Павлодар облысынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеӊесініӊ депутаты (1994-1995), Алматы қаласы неміс мәдени қоғамыныӊ төрағасы. Қазақстандағы немістер Кеӊесініӊ, ҚР Президентініӊ жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеӊесініӊ, ҚР ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясыныӊ мүшесі.

Г.Бельгер көптеген романдардыӊ, әӊгімелердіӊ: "Сосновый дом на краю аула" (1973), "Чайки над степью" (1976), "За шестью перевалами" (1977), "Брат среди братьев" (1981), "Каменный брод" (1987), "Завтра будет солнце" (1992), "Земные избранники (Гете, Абай)" (1995), "Помни имя свое" (1999), "Казахское слово" (2001), "Дом скитальца" (2003), "Гармония духа" (2003), "Туюк су" (2004), "Ода переводу" (2005), "Разлад" (2008), он томдық "Таӊдамалы шығармалар" (2009-2010) және 1800-ден астам публицистикалық жарияланымдардыӊ авторы. Қазақ әдебиетініӊ классиктері: Б. Майлинніӊ, Ғ. Мүсіреповтіӊ, И. Нұрпейісовтыӊ және т.б. жазушылардыӊ шығармаларын орыс тіліне аударды.

Жазушыныӊ туындылары тереӊ мағыналы адами қарым-қатынасқа, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, жоғары азаматтық ұстаным мен патриотизмге толы.

Қазақ, неміс және орыс мәдениетініӊ дәстүрлерін меӊгерген Г.Бельгердіӊ шығармашылық мұрасы, мәдениетаралық үн қатуды қалыптастыруда, болашақ ұрпаққа арналған құндылық өсиетін жинауда моральдық, рухани басшылыққа айналды.

"Парасат" орденініӊ иегері, "Германия Федеративтік Республикасыныӊ қызметіне қосқан үлесі үшін" және медальдармен марапатталды. ҚР еӊбек сіӊірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағыныӊ Б.Майлин атындағы сыйлығыныӊ, Президенттіӊ бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығыныӊ, тәуелсіз "Тарлан" сыйлығыныӊ иегері.

Г. Бельгер 2015 жылы 7 ақпанда Алматы қаласында дүниеден өтті.

ҚР Ұлттық кітапханасыныӊ қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесінде Г. Бельгердіӊ өмірі мен қызметі, шығармалары, жазушы туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар мен естеліктер ұсынылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны