18.09.2009, 18:34 5077

Алматыда тамызда атмосфералық ауаның ластану индексі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2,9 бірлікке төмендеген - әкімдік

Алматыда тамызда атмосфералық ауаның ластану индексі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2,9 бірлікке төмендеген - әкімдік

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда тамызда атмосфералық ауаның ластану индексі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2,9 бірлікке төмендеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today әкімдіктің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының "Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы" кәсіпорнының мәліметі бойынша 2009 жылдың тамыз айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда атмосфералық ауаның ластану деңгейінің төмендегені байқалған. Ластану индексі (ИЗА 5) 2009 жылдың тамызында 11.1, 2008 жылдың тамызында - 14.0 болған.

Алматыда ауаның ластануын бақылау 5 стационарлы нүктелерде жүргізілді. Қалада Райымбек даңғылы мен "Айнабұлақ-3" ықшамауданында ластану деңгейінің жоғары екендігі анықталды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың тамыз айы ауа атмосферасы үшін өте қолайлы болып тұр. "Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы" кәсіпорнының мәліметі бойынша тамыз айында ауаны таза ұстауға ықпал еткен айнала қоршаған ортаны ластанудан сақтау бағдарламасының жүзеге асуы болса керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны