11.05.2018, 23:20 2939

Алматыда танымал архитектор Тимур Сүлейменовты соӊғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Тимур Бимашұлы өз мамандығыныӊ хас шебері еді. Ол архитектор және дизайнер ретінде кемел білімі мен мол тәжірибесін туған елініӊ игілігіне арнап еӊбек етті. Қазақстанда осы өнер түрлерініӊ дамуына лайықты үлесін қосып, бірқатар маӊызды жобалардыӊ іске асуында өз қолтаӊбасын қалдырды.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыдағы И. Қастеев атындағы Қазақстанныӊ мемлекеттік өнер музейінде белгілі қоғам қайраткері, еӊбегі сіӊген өнер қайраткері және Қазақстанныӊ Дизайнерлер одағыныӊ президенті Тимур Сүлейменовпен қоштасу рәсімі өтті. Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ көӊіл айту жеделхатын Алматы әкімі Бауыржан Байбек оқып берді.

Мемлекет басшысы белгілі қоғам қайраткері Тимур Сүлейменовтыӊ қайтыс болғаны жөніндегі хабарды қатты қайғырып қабылдаған.

"Тимур Бимашұлы өз мамандығыныӊ хас шебері еді. Ол архитектор және дизайнер ретінде кемел білімі мен мол тәжірибесін туған елініӊ игілігіне арнап еӊбек етті. Қазақстанда осы өнер түрлерініӊ дамуына лайықты үлесін қосып, бірқатар маӊызды жобалардыӊ іске асуында өз қолтаӊбасын қалдырды. Елімізде алғаш рет Дизайнерлер одағын құрып, көп жыл бойы соныӊ жұмысына жетекшілік жасады. Кезінде республика Жоғарғы Кеӊесініӊ депутаты болып сайланып, заӊ шығару қызметініӊ дамуына да үлесін қосты. Аяулы азаматтыӊ еӊбегі мен дидары халқымыздыӊ жадында әрдайым сақталады деп ойлаймын", - делінген жеделхатта.

Бүгінгі күні оныӊ өзіндік қолтаӊбасын еліміздіӊ әр өӊірінен көруге болады. Олардыӊ арасында Астанадағы саяси репрессия құрбандарына арналған Мемориалды кешен, "Атамекен" этно-мемориалды паркі, Аӊырақай шайқасына арналған тарихи ескерткіштер, Алматы облысындағы "Черкасск қорғаныныӊ батырлары" мемориалды кешені бар. Тимур Сүлейменов Мәскеудегі Абай ескерткіші мен Алматыдағы "Тәуелсіздік таӊы" монументін жасауға да қатысқан болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны