01.02.2008, 18:09 3141

Алматыда тарихи маңызы бар ғимараттардың заңды құжаттары жоқ - Сәулетшілер одағы

Алматыда тарихи маңызы бар ғимараттардың заңды құжаттары жоқ - Сәулетшілер одағы

Алматы. 1ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Алматыда тарихи маңызы бар ғимараттардың заңды құжаттары жоқ. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы Сәулетшілер одағының төрағасы Сергей Мартемьянов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі күнде тарихи маңызы бар ғимараттардың заңды құжаттары жоқ ", -деп атап өтті С. Мартемьянов.

"Арман" кинотеатры жобасының авторы, сәулетші Александр Коржемпоның сөздері бойынша, "біздің одақ тарапынан Алматы қаласында тарихи маңызы жоғары сәулет ескерткіштерінің тізімі жасалған, қазір ол жетекші әкімшіліктік органдардың қарауында жатыр", - деп атап өтті А. Коржемпо.

"Біз сақтап қалуға тиіс 170 ғимаратты тізімге енгіздік. Олар болмаса, онда қала орталығы жөнінде әңгіме айтудың мәні болмай қалады ", - деді С. Мартемьянов қала әкімдігі шенеуніктерін ескерткендей.

Төрағаның айтуынша, 2006 жылдың аяғында, әкімдікке бұзуға болмайтын тарихи маңызы бар ғимараттардың тізімі тапсырылды. "Біз бұл құжатты әкімдікке 2006 жылдың соңында бердік. Осы тізімдегі ғимараттардың кем дегенді 10 бұзылып, оның ішінде "Октябрь" кинотеарты мен Фурманов бойындағы құрылыс қиратылды".

Сәулетшілер Одағы өкілдерінің айтуынша, осы күнге дейін тарихи маңыздылығы бар нысандар тізімі бекітілмей, Алматының тарихи орталығында орналасқандықтан олардың мүлдем құрып кету қаупі бар. Сонымен бірге осындай құжат осы уақытқа дейін болған. "Кеңес үкіметінен қалған тізім бойынша, Алматыда 120 ғимарат тіркеліп, оның 80 қорғауда болған ", - деп еске салды С. Мартемьянов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны