09.07.2009, 15:29 2931

Алматыда тәркіленген қаруды жою жұмыстары жүргізілуде

Алматыда тәркіленген қаруды жою жұмыстары жүргізілуде

Астана. 9 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда тәркіленіп, қылмыстық іздестіру органдарының қоймалары мен сақтау орындарында жатқан қару-жарақты жою жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тәркіленген және қылмыстық іздестіру органдарының қоймалары мен сақтау орындарында жатқан қару-жарақтың сақталу және жойылу тәртіптерін тексеру жөніндегі Алматы қалалық аумақтық комиссиясы 2009 жылдың 20 наурызында құрылған.

Комиссия құрамына қалалық прокуратура, "Нұр Отан" ХДП Алматы қалалық филиалы, ҚР Қарулы күштерінің Алматы өңірлік гарнизонының аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшылығы басқармасының, "Рахат" телеарнасының, Алматы қалалық ІІД-нің, соның ішінде криминалистер мен химиялық қызметтің өкілдері енген.

"Техникалық комисияның бақылауымен 8 дана алғашқы қару партиясын жою жұмыстары осы жылдың 27 наурызында Алматы қалалық ІІД-нің артиллериялықтехникалық қару-жарақ базасында іске асырылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде 191 дана қару жойылды, олардың арасында тегіс оқпанды, газды, пневматикалық, жарақаттау қаруы, электрошокерлер, пышақтар, кастеттер мен шолық мылтықтар, қолдан жасалған қарулар, нунчактар және т.б. бар.

"Қару-жарақ қолдануға жарымсыз болдырып бүлдірген соң оның металл бөлшектері арнаулы жәшіктерге салынып, таңбаланып, Алматы ауыр машина жасау зауытына жеткізіледі, ол жерде комиссияның қатысуымен арнаулы пештерде балқытылады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Соңғы қару партиясын жою 2 шілдеде іске асырылды. Ирбір жою оқиғасы бойынша тиісті құжаттар толтырылып, акт жасалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны