23.01.2007, 16:36 3030

Алматыда тәркіленуге тиіс жер телімдерінің жалпы аумағы 3 мың гектарды құрайды - "Алматыжер"

АЛМАТЫ. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматыда тәркіленуге тиіс жер телімдерінің жалпы аумағы 3 мың гектарды құрайды. Бұл туралы бүгін "Алматыжер" : проблемалар мен жетістіктер" атты баспасөз мәслихатында "Алматыжер" МКК директорының орынбасары Ольга Глиненко құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

О.Глиненконың айтуынша, қазір мемлекеттік мұқтаждыққа деп жер телімдерін тәркілеу жұмыстары 300-ден астам жер телімі бойынша жүргізілуде. "Тәркіленуге тиіс жер телімдерінің жалпы аумағы 3 мың гектардан асады. Соның ішінде 1,2 мың гектардан аса аумақта жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл қала аумағының 3,7 процентіне жетпейді",- деді ол. Оның айтуынша, Алматының жалпы аумағы 31,2 мың гектарға тең.

О.Глиненконың айтуынша, қаладағы жаңаланатын аумақтың 70 процентінде 25 ірі компания құрылыс салуда. Былтыр "Алматыжер" жер телімдері мен жылжымайтын мүлікті сатып алуға қатысты 1 мың келісім-шартына қол қойған. Құрылыс компаниялары меншік иелерімен сатып алу жөніндегі 3 мың келісім-шартына өз бетімен қол қойған.

"Алматыжер" МКК директорының орынбасарының айтуынша, құрылыс компаниялары жер телімдері мен ғимарат қожайындарына МКК арқылы келісім-шарттарына сәйкес 2005-жылы - 5 млрд теңге, 2006-жылы - 18 млрд теңге төлеген. Сонымен бірге былтыр инвесторлар тікелей төлеген өтемдер көлемі 50 млрд теңгеден асқан.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2006-жылы "Алматыжер" 600-дей шағым берген. Оның 200-ден астамы жол тораптарына қатысты. "Бұл жайт ол жерлердің бюджет қаржысы есебінен сатып алынуына және "Алматыжер" компаниясында өтемақы мөлшерін өзгерту жөнінде келіссөздер жүргізу мүмкіндігі болмауына байланысты",- делінген хабарламада. Шағымдардың үштен бір бөлігі тараптардың бейбіт келісімге келуіне байланысты тоқтатылған. Өтемақы мөлшері жалпы сатып алу оқиғаларының 7 процентінде ғана сот арқылы анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны