04.08.2017, 19:27 4092

Алматыда тасқын қауіпті үш көл толықтай босатылды

Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Ақсай өзендерініӊ бассейндерінде мейлінше жарып өтуі қауіпті моренді көлдерді босату жұмысы жалғасуда. Бүгінгі таӊда мұздықтардыӊ суына құйылатын суды бұру 1,3 есе асып кетіп отыр.

Алматы. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Ақсай өзендерініӊ бассейндерінде мейлінше жарып өтуі қауіпті моренді көлдерді босату жұмысы жалғасуда. Бүгінгі таӊда мұздықтардыӊ суына құйылатын суды бұру 1,3 есе асып кетіп отыр. Бұл өткізілетін ескерту іс-шараларыныӊ тиімділігіне алып келеді.

Сонымен бүгінгі таӊда Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Ақсай өзендерініӊ бассейндерінде орналасқан № 1 бис және № 1 А, № 7 3 көлде жұмыстар аяқталды.

Су деӊгейін төмендету орнатылған сифондар мен эвакуациялық арналар көмегімен, сондай-ақ көтеріӊкі өнімділік сорғыларымен жүзеге асырылды.

Жалпы жұмыстыӊ басында 9 көлде шамамен судыӊ 3 млн.мыӊ.куб.м. алынып тасталды.

Бұл бастапқы судыӊ жалпы көлемінен 2 есе асып кетті деген сөз, яғни егер судыӊ құйылуы болмағанда, барлық көлдер құрғатылған болар еді.

Көлдерді босату бойынша ескерту іс-шаралары "Қазселқорғау" АМЭБ күштерімен жалғасуда.

Қазіргі кезде 9 көлдіӊ ешқайсысынан Алматыға қауіп төніп тұрған жоқ,- деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны