07.05.2008, 15:38 3539

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Алматы. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Рәсімге Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ауғанстан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің үйлестіру кеңесінің мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, саяси партиялардың, сондай-ақ, қаланың жас буын ұрпағының өкілдері қатысты.

Рәсім аяқтала сала алаңға жиналған қарулы күштер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері А. Есімовті оңтүстік астананың жаңа әкімі лауазымымен құттықтап, қолдан келген көмектерін аямауға уәде берді. Өз кезегінде әкім оларды Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің күнімен және алда келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады.

Бұл күн әскерилер үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтауға тағы бір мүмкіндік туғызды. "Бүгін, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің күні барлық ардагерлерді алдағы ұлы Жеңістің 63 жылдығымен құттықтағым келеді. Барлығына зор денсаулық, ашық аспан және бізде соғыс болмауын тілеймін", - деді "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Алматы қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары полковник Жалилов.

Сондай-ақ, ол жас ұрпаққа отанын сүюді, әскерге баруды және өз міндетін адал орындауды тапсырды. "Мен жастарды әскери жоғары оқу орындарына баруға шақырамын. Олар қазір көп. Қазір сонымен бірге, әскерилердің әлеуметтік жеңілдіктері ұлғаятын болса, халық бізге толық баратын болады", - деді полковник.

Қазір Қазақстан әскеріне бірінші кезекте не қажет деген сауалға полковник Жалилов: "ең бастысы, мемлекеттің әскерилерге көп көңіл бөлуі қажет. Искерилердің материалдық жағдайы жақсаруы керек. Атап айтқанда, бірінші кезекте, пәтер мәселесін шешіп, жалақыны көбейткен дұрыс", - деп жауап берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны