30.09.2016, 17:29 10465

Алматыда Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай қазақ халқыныӊ қолданбалы шығармашылық көрмесі ашылды

Алматыда И.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай қазақ халқыныӊ XII-XIX ғасырлардағы қолданбалы шығармашылық және бейнелеу өнері көрмесі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда И.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай қазақ халқыныӊ XII-XIX ғасырлардағы қолданбалы шығармашылық және бейнелеу өнері көрмесі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бұл жинақта қазақ халқыныӊ барлық шығармашылық түрлерініӊ туындылары, атап айтсақ, текеметтер мен кілемдер, оюлы есіктер мен сандықтар, кебеже және алтыбақандар, металлдан жасалған және зергерлік бұйымдар, дәстүрлі ат әбзелдері, қару-жарақтар, білте - мылтықтар, қылыштар мен найзалар, берендер мен сауыттар, жебеніӊ ұштары бар", - деп хабарлады көрмені ұйымдастырушылар.

Жинақтағы басты інжу-маржандардыӊ бірі - XII ғасырда жасалған көне шырақ болып табылады. Орталық Азия елдеріндегі мұражайлардыӊ біреуінде де мұндай шырақ жоқ. Мәселен, Өзбекстанныӊ Мемлекеттік мұражайында осы тектес шырақтыӊ тек екі-үш сынығы ғана сақталған.

"Ал Қазақстанға келсек, академик Карл Байпақовтыӊ "Қазақстандағы көне қалалар" атты кітабыныӊ 59-шы бетінде XII-XIX ғасырлардағы бұйым деп саналған, Тальхиз (қазіргі Талғар қаласы) қаласынан табылған осыған ұқсас шырақ жайлы айтылады. Бұл шырақ та Алматы мен оныӊ төӊірегіндегі өӊірлердіӊ көне шығу тегіне тағы бір дәлел бола алады", - деп атап өткен ұйымдастырушылар халықтыӊ декоративтік-қолданбалы өнері олардыӊ көшпелі, жартылай көшпелі мал және егін шаруашылығымен шұғылданғанын паш етеді дейді.

Қазақ халқыныӊ қолданбалы шығармашылық өнері бұйымдарыныӊ жинағын танымал жинақшы Азат Икімбек көптеген жылдар бойы тірнектеп құрастырған.

Халықтыӊ қолданбалы шығармашылық өнері бұйымдарымен қатар жинақшы бұл жолы алғаш рет танымал қазақ суретшілері Н.Хлудов, И.Қастеев, Ж.Шарденов, С.Айтбаев, Н.Нұрмұхаммедов және С.Саносянныӊ өзіне тиесілі суреттерініӊ жинағын да көрермен назарына ұсынып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны