11.05.2018, 23:00 7974

Алматыда тоғыз жаӊа фонтан салынады

Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланыӊ барлық аудандарында абаттандыру жұмыстары жүруде. Егер өткен жылы 455 аула жаӊарса, 2018 жылы қосымша 585 аула модернизацияланады.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Жайлы қала кеӊістігін қалыптастыру мақсатында биылғы жылы бұрынғы жеті субұрқақты қайта жөндеу және тоғыз жаӊа фонтан салу жоспарланған. Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұрындары қаланыӊ тарихи орталығын жаӊарту барысында ескерусіз қалған фонтандарды қалпына келтіру бойынша тапсырма берген еді.

Ұлттық кітапхана, "Жетісу" қонақүйі, Абылай хан мен Шевченко көшелерініӊ қиылысындағы және басқа да жерлердегі бұрыннан бар субұрқақтарды қайта жасау жоспарланған. Жаӊа фонтандар Абай, Назарбаев, Абылай хан даӊғылдары мен Гоголь, Жібек Жолы, Маметова және Райымбек көшелерініӊ арасына салынады.

Бассейн ыдысы сияқты дәсүрлі фонтандармен қатар "құрғақ субұрқақтар" да іске қосылуда, мұнда айналмалы су жүйесі, судыӊ биіктігі ескерілген. Түрлі прожекторлар арқылы галогенді және жүзгіш шырақ сынды жарық көздері орнатылады.

Айта кетерлігі, бұрын қайта жаӊарған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен "Астана" алаӊына қоса биылғы жылы мегаполистіӊ бірқатар даӊғылдары да жаӊарады.

Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланыӊ барлық аудандарында абаттандыру жұмыстары жүруде. Егер өткен жылы 455 аула жаӊарса, 2018 жылы қосымша 585 аула модернизацияланады.

Жалпы, соӊғы жылдары мегаполисте 180 шақырым жол және 700 шақырым инженерлік желілер салынып, жөнделді, бірқатар жолайрықтарыныӊ құрылыстары жүруде, күре көшелер үӊгіленуде. Биылғы жылы ұзындығы 155 шақырым болатын 157 көше мен 30 шақырымнан асатын жүргінші тротуарларын жөндеу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны