22.09.2015, 18:49 4160

Алматыда трамвайдыӊ апатқа ұшырау себебі белгілі болды

Компания өкілдерініӊ м?лімдеуінше, Алматы ауданаралық ?кімшілік істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соттыӊ шешімінен соӊ "Альянс Полис" сақтандыру компаниясы жапа шеккендерге барлық шығындарын өтеп береді.

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Алматыэлектротранс" трамвайдыӊ апатқа ұшырауы жайында түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Жеӊіл рельсті көліктіӊ апатты түрде тоқтауына салонда шыққан күйіктіӊ иісі себеп болған. Шевченко көшесініӊ бойымен Наурызбай көшесіне таяғанда салонда күйіктіӊ иісі шығып, жүргізуші көлікті шұғыл тоқтатқан. Шұғыл түрде жолаушылар да көліктен шығарылған. Соӊынан белгілі болғандай, төтенше жағдай барысында екінші арбадағы мотордан түтін шығады. Өрт сөндіру құралдарыныӊ арқасында от тұтанып үлгерген жоқ. Жол полициясы трамвайды жолдан алуды бұйырған соӊ жүргізуші оны өздігінен қозғалтуға тырысқан",- деді компанияныӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сол мезетте жол апаты орын алды.

Компания өкілдерініӊ м?лімдеуінше, Алматы ауданаралық ?кімшілік істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соттыӊ шешімінен соӊ "Альянс Полис" сақтандыру компаниясы жапа шеккендерге барлық шығындарын өтеп береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны