30.09.2015, 20:59 6804

Алматыда трамвайлардыӊ жолын бөгеген автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

Алматы полициясы трамвайға арналған жолда тұрып қалған автобус жүргізушісін жауапкершілікке тартты. Автобустыӊ жолынан "адасып", өзгеніӊ "шекарасына" өтіп кеткен сәті түсірілген видео жақында ғаламторда жарияланып, қаланыӊ әкімшілік полиция қызметкерлері дереу оны зерттеп шықты

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы полициясы трамвайға арналған жолда тұрып қалған автобус жүргізушісін жауапкершілікке тартты. Автобустыӊ жолынан "адасып", өзгеніӊ "шекарасына" өтіп кеткен сәті түсірілген видео жақында ғаламторда жарияланып, қаланыӊ әкімшілік полиция қызметкерлері дереу оны зерттеп шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Оқиға 29 қыркүйек күні Төле би даӊғылында орын алған. Автобус трамвай жолына шығып кетіп, тұрып қалған. Соныӊ кесірінен біраз уақыт трамвайлардыӊ қозғалысы да тоқтап тұрды. Аталған қоғамдық көлік жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын қалалық ЖШС-ныӊ біріне тиесілі. Ал 24 жастағы жүргізуші ҚР ИҚБК 596-бабы 1-тармағында қарастырылған құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Аталған баптыӊ санкциясы 15 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі жазаны қарастырады, яғни 29 мыӊ 730 теӊге", - деп мәлім етті Алматы ІІД Икімшілік полиция басқармасы бөлімініӊ басшысы полиция подполковнигі Еркін Өтегенов, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны