11.05.2017, 17:47 3316

Алматыда "Туған жер" бағдарламасы бойынша балалар үйіне 170 млн. теӊгеніӊ көмегі көрсетіледі

Өз кезегінде "Халық" қайырымдылық қоры" жеке қорыныӊ директоры Исел Тынышбекова 3 жастан 18 жасқа дейінгі 109 бала тәрбиеленіп жатқан балалар үйініӊ білім беру- тәрбиелеу қызметін дамытуға, материалдық - техникалық жарақтандыруға және инфрақұрылымын дамытуға қор тарапынан 170 миллион теӊге бөлу жоспарланғанын айтты.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы әкімдігі мен қалалық Білім басқармасы,"Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры" қоғамдық қоры және "Халық" қайырымдылық қоры" жеке қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, осы келісім аясында №1 балалар үйіне қайырымдылық көмегі көрсетілетін болады.

"Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ білім қоры" қоғамдық қоры директорыныӊ орынбасары Ғайша Сыздықова жоба барысында спорт залыныӊ, тамақтану блогыныӊ қайта жасалатынын, аула айналасыныӊ абаттандырылатынын, компьютерлік жабдықтармен жарақтандырылатынын,ресурстық базаныӊ жаӊартылатынын айтты.

"Біз Президент ұсынған "Туған жер" бағдарламасын алғашқылардыӊ бірі болып жүзеге асыруды өзімізге борыш әрі құрмет санаймыз. Жергілікті билікпен, "Халық" қайырымдылық қорымен" бірлесе отырып, №1 балалар үйін түгелдей қайта жөндеуден өткізіп, жаӊартамыз. Білім беру жүйесін жетілдіру, оны жоғары деӊгейге көтеру үшін үлкен жұмыстар жүрігізіледі. Ақпараттық технологияларды меӊгеру,мектептен тыс бағдарламалар бойынша сабақтар өтеді, түлі шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, балалар үйі педагогтарыныӊ біліктілігін арттыру да қакрастырылған", - деп атап өтті Ғ.Сыздықова.

Өз кезегінде "Халық" қайырымдылық қоры" жеке қорыныӊ директоры Исел Тынышбекова 3 жастан 18 жасқа дейінгі 109 бала тәрбиеленіп жатқан балалар үйініӊ білім беру- тәрбиелеу қызметін дамытуға, материалдық - техникалық жарақтандыруға және инфрақұрылымын дамытуға қор тарапынан 170 миллион теӊге бөлу жоспарланғанын айтты.

Атап өтерлік жайт, "Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ білім қоры" қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Президентініӊ жеке бастамасы бойынша 1998 жылдыӊ 15 желтоқсанында құрылған болатын. Қордыӊ миссиясы - халықаралық стандарттарға сай Қазақстанныӊ білім жүйесін дамытуға ықпал ету.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласында "Туған жер" атты жаӊа бағдарлама жасауды ұсынды.

Н. Назарбаев: "бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті де?гейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.Патриотизмні? е? жақсы үлгісі орта мектепте туған жерді? тарихын оқудан көрініс тапса игі",- деді.

"Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл - қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек",- деді мемлекет басшысы.

"Үшінші, жергілікті билік "Туған жер" бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс.Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет.Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеуді? түрлі жолдарын табу керек.Бұл жерде де көп жұмыс бар",- деді ол.

Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады,- делінген мақалада.

Икімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, Алматыда "Туған жер" бағдарламасы аясында болашақта мектептерде "Туған өлке тарихы" сабақтарын өткізу, ескерткіштерді өӊдеу, қала инфрақұрылымын жақсарту жөнінде әлеуметтік жобалар тізімін жасау, әлеуметтік нысандарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, жекелеген адамдарға материалдық көмек көрсету, "Таза көше" және "Таза аудан" акцияларын өткізу, туристік карта жасау, жас тарихшылар слетін, жас өлкетанушылар форумын өткізу және басқа да өрелі істерді жүзеге асыру жоспарланған. Бұлардан өзге, осы іске қызығушылық танытқандардыӊ жеке ұсыныс -пікірлерін білдірулері үшін краудсорсингті онлайн-платформа ұйымдастырылады, сонымен қатар қалалық телеарнада мәдени - ағартушылық, тарихи "Туған жер" реалити- шоуы жасалады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны