23.05.2017, 17:54 5653

Алматыда "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру шараларыныӊ жобасы таныстырылды

Алматыда қала әкімініӊ төрағалық етуімен Қазақстан Республикасыныӊ Президенті - Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын "Туған жер" жобасын жүзеге асыру бойынша қаланыӊ шығармашылық зиялылары, мәслихат депутаттары, бизнес - қоғамдық өкілдері және басқалары қатысқан кеӊес өтті.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда қала әкімініӊ төрағалық етуімен Қазақстан Республикасыныӊ Президенті - Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын "Туған жер" жобасын жүзеге асыру бойынша қаланыӊ шығармашылық зиялылары, мәслихат депутаттары, бизнес - қоғамдық өкілдері және басқалары қатысқан кеӊес өтті.

Алматыда "Туған жер" бағдарламасы аясында болашақта мектептерде "Туған өлке тарихы" сабақтарын өткізу, ескерткіштерді өӊдеу, қала инфрақұрылымын жақсарту жөнінде әлеуметтік жобалар тізімін жасау, әлеуметтік нысандарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, жекелеген адамдарға материалдық көмек көрсету, "Таза көше" және "Таза аудан" акцияларын өткізу, туристік карта жасау, жас тарихшылар слетін, жас өлкетанушылар форумын өткізу және басқа да өрелі істерді жүзеге асыру жоспарланған. Бұлардан өзге, осы іске қызығушылық танытқандардыӊ жеке ұсыныс -пікірлерін білдірулері үшін краудсорсингті онлайн-платформа ұйымдастырылады, сонымен қатар қалалық телеарнада мәдени - ағартушылық, тарихи "Туған жер" реалити- шоуы жасалады.

Жиын барысында археолог-өлкетанушы Карл Байпақов Алматыда ашық аспан астындағы мұражай салу туралы ұсыныс айтты.

"Ир қаланыӊ бет- бейнесі мұрайжайлар мен театрлар санына қарай анықталады. Біздіӊ балаларымыз бен өзіміз еліміздіӊ тарихын жете білуіміз үшін Алматыныӊ ерте тарихымен байланыстыратын мұражайлардыӊ болғаны абзал. Барлық ірі қорғандар - ерекше маӊызы мен мәдениеті бар күрделі сәулет кешендері. Олардыӊ басым көпшілігі әлі жасырын қалуда. Көпшілігіӊіз көрген шығарсыздар, Розыбакиев көшесі бойындағы сауда орталығы маӊында ескі қорғанныӊ қалдығы жатыр, соны неге мұражайға айналдырмасқа", - деді Карл Байпақов.

Алматы әкімі бұл бастаманы қолдап, Розыбакиев көшесі бойындағы ірі сауда орталығына қарсы орналасқан жерді мемлекет меншігіне қайтарудыӊ механизмдерін жасауды тапсырды. Икім әуежайға барар жолда да ескі қорғандардыӊ сақталып қалғандығын, олардан да ашық аспан астындағы мұражай ұйымдастыруға болатындығын сөз етті.

"Осындай жер иелері біздіӊ тарихымызды біліп қана қоймай, құрметтеулері де тиіс деп ойлаймын. Кейде тарихымыз жойылып, рухани, мәдени және экономикалық зардаптарға тап боламыз. Ирине, асфальт төсеп, бірдеӊе тұрғызуға болар, бірақ мәні жоғары мұндай жерлерді қалаға қайтарса, оныӊ берер рухани пайдасы мол әрі "Туған жер" бағдарламасы аясындағы қайырымдылық болар еді", - деп атап өтті Б.Байбек.

Алматы әкімі қайырымыдылық пен меценаттықтыӊ алматылықтар үшін дәстүрге айналғандығын жеткізді. Кәсіпкерлер әлеуметтік нысандарды салуға, маӊызды әлеуметтік шараларды өткізуге белсенді түрде араласып, қайырымдылық көмектерді де жиі көрсетуде.

"Біз қазіргі кезде қалаға қосылған Наурызбай ауданында электрмен қамтамасыз ету нысандарын қайта жасаудамыз.Бизнестіӊ қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, біздіӊ құрылтайшымыз өз қаржысы есебінен жалпы құны 1,3 млрд. теӊге болатын 500 орынды емхана салу жөнінде шешім қабылдады. Қазіргі кезде емханаға қажет заманауи технологиялық қондырғылар алынуда. Бұл біздіӊ қала инфрақұрылымын дамытуға қосқан шағын үлесіміз", - деді "Завод Электрокабель" ЖШС директоры Борис Артеменко.

Бүгінгі күні бизнес арқылы жалпы құны 12 млрд. теӊгеден асатын 20 -дан астам ірі әлеуметтік маӊызы бар жобалар жүзеге асуда. Мысалы, Наурызбай ауданында құны 1,8 млрд. теӊге болатын 1200 орынды мектеп, Алатау ауданында құны 320 млн. теӊге болатын 120 орынды бала бақша салынуда. Осы ауданда жыл аяғына дейін 400 млн. теӊгеніӊ жеӊілатлетикалық стадионы пайдалануға беріледі. Жалпы, спорт саласына бюджеттен тыс 8 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінген. Қазіргі кезде Қарғалы өзенініӊ айналасында жалпы құны 110 млн. теӊге болатын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.Тек соӊғы екі жыл ішінде ғана демеушілік қаржыға 100-ден астам балалардыӊ спорт алаӊдары мен 10 бала бақша салынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны