18.06.2018, 23:44 5987

Алматыда түлектердіӊ жыл сайынғы "Жас түлек-2018" фестивалі өтті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жыл сайынғы "Жас түлек-2018" мектеп фестивалі барысында түлектерді орта мектепті бітіргендері туралы аттестатты және "Алтын белгіні" алуларымен құттықтады. Биылғы жылы мегаполисте орта мектепті 9030 түлек бітірді, олардыӊ 518 оқушысы "Алтын белгі" иеленді.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жыл сайынғы "Жас түлек-2018" мектеп фестивалі барысында түлектерді орта мектепті бітіргендері туралы аттестатты және "Алтын белгіні" алуларымен құттықтады. Биылғы жылы мегаполисте орта мектепті 9030 түлек бітірді, олардыӊ 518 оқушысы "Алтын белгі" иеленді.

"Бұл күн сендер үшін ерекше есте қалатын сәт және үлкен өмірге деген оӊ қадам! Естеріӊде болсын, егер білімге деген құштарлық, алға деген ұмтылыс жігерлеріӊді жаныса, ізгі мақсаттарға жетесіӊдер. Бүкіл ғұмырларыӊныӊ алтын қазығына айналатын мамандықты таӊдауларыӊа тілектеспін. Қазақстанныӊ патриоты болыӊдар! Қолжеткенге тоқмейілсімеӊдер. Елбасы айтқандай, "Сендердіӊ жеке жетістіктеріӊ - ата-аналарыӊныӊ, туғандарыӊ мен жақындарыӊныӊ, отандастарыӊныӊ, Отанымыздыӊ жетістігі", - деді түлектерге арнаған сөзінде Бауыржан Байбек.

Мегаполис басшысы биылғы жылы қаланыӊ барлық мектептерініӊ физика, химия, биология кабинеттерімен және лингафонды-мультимедиялық жабдықтармен қамтамасыз етілгеін атап өтті. Мектептер кеӊ жолақты интернетке 100% қосылған. Қазіргі кезде қаланыӊ барлық мектептерініӊ оқу кабинеттері мультимедиялық үштікті алуда. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін алдағы оқу жылында қаланыӊ 80 мектебінде арнайы IT лицейлер мен IT сыныптар ашу жоспарланған.

Алматы оқушылары 13 жыл қатарынан республикалық олимпиадада командалық бірінші орыннан көрінуде.Республикалық ғылыми сайыстарда 16 рет жеӊімпаз атанса,математика, физика, химия мен биологиядан 11 сынып оқушылары арасында өткен Президент олимпиадасында бесінші рет жеӊіс тұғырына көтерілді. 2018 жылғы жаратылыстану-математикалық бағытта алғаш рет өткен республикалық жасөспірімдер олимпиадасында қала командасы бірінші орынды иеленді.

Мегаполистіӊ өзіндік "қоржынына" халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан тек биылдыӊ өзінде ғана 45 алтын, 68 күміс және 93 қола медальдар түсті.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны