16.08.2018, 16:48 3798

Алматыда тұӊғыш рет I Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі өтеді

Қала күні аясында 2018 жылғы 15-19 қыркүйек аралығында Алматыда тұӊғыш рет I Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі өтеді

Алматы. 16 тамыз. KazakhstanToday - Қала күні аясында 2018 жылғы 15-19 қыркүйек аралығында Алматыда тұӊғыш рет I Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі өтеді.

Кинофестивальге отандық және әлемге танымал киноиндустрия жұлдыздары қатысады.

Тамаша ұзын көйлектер мен сәнді смокинг киген тартымды топ биылғы күзгі еӊ елеулі оқиғаны ашып бермекші.

Алматыныӊ әрбір тұрғыны бес күн бойы үлкен кино мерекесініӊ бір бөлшегіне айнала алады. Дәстүрге сәйкес ашылу салтанатына көптеген қазақстандық кино және шоу-бизнес жұлдыздары, әлемдік сарапшылар, танымал продюсерлер мен киносыншылары қатысады.

Еске сала кетейік, кинофестиваль режиссер Серей Дворцевойдыӊ "Айка" әлеуметтік драмасыныӊ тұсаукесер көрсетілімімен ашылады. Фильмде басты рөлді ойнаған қазақстандық актриса Самал Еслямова 71-інші Канн кинофестивалінде еӊ үздік әйел рөлі номинациясы бойынша бас жүлдені жеӊіп алған болатын.

Тегін көрсетілімдер Cinemax (Dostyk Plaza) және Lumiera Cinema (ЦУМ) кинотеатрларында өтеді.

Сондай-ақ, фестиваль бағдарламасында қызыл кілем, әлемдік кинопремьералар, культке айналған фильмдер, отбасылық кино, мультфильмдер, әлемдік киноиндустрияныӊ майталман шеберлерініӊ шеберлік сабақтары, питчинг, бизнес-форум және басқа да көптеген іс-шаралар жоспарланған. Фестиваль отандық қана емес, сонымен бірге әлемдік кино түсіруге таптырмайтын өӊір ретінде ару қала Алматы туралы әлемдік киноқауымдастыққа жеткізуді басты мақсаты ретінде тұтып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны