18.10.2017, 18:11 4797

Алматыда тұрғын үй қорын ұстаудыӊ жаӊа ережесі қабылданды

Алматы қаласыныӊ Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы билік органдары қызметініӊ ашықтығын, сонымен қатар көпәтерлі үйлерді тиісті жағдайда ұстау мақсатында Алматы қаласы тұрғын үй қорын ұстаудыӊ жаӊа ережесін жасаған

Алматы. 18 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы билік органдары қызметініӊ ашықтығын, сонымен қатар көпәтерлі үйлерді тиісті жағдайда ұстау мақсатында Алматы қаласы тұрғын үй қорын ұстаудыӊ жаӊа ережесін жасаған болатын. Бұл ереже VI шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатыныӊ 2017 жылдыӊ 15 қыркүйегінде өткен ХХІ сессиясыныӊ №151 шешімімен бекітілді.

Ережені жасау барысында тұрғындардыӊ барлық мәселелері қабылданды, атап айтқанда басқару органдарыныӊ жұмысы жөнінде қалалықтардан түскен 3 мыӊнан астам арыз- шағым сарапталды, жоба Алматы қаласы Қоғамдық кеӊесініӊ, Алматы қаласы ПИК-тер қауымдастығыныӊ және ынталы мемлекеттік органдардыӊ ұсыныстарына негізделді.

Көптеген тұрғындар өздерініӊ құқықтары мен міндеттерін біле бермейтіндіктен қабылданған Ереже қалалықтардыӊ туындаған мәселелерді шешудегі механизмі болып табылады. Ережеде нақтылы процедуралар белгіленген, олар:есептер, жиналыстар мен жазбаша сұрау салудыӊ мерзімі, әрбір МЖД туралы жеке баланстар көрсетілген, ал бұл тұрғындардыӊ басқару органдарына деген сенімін арттырып, ПИК-тар жұмысыныӊ жариялылығын қамтамасыз етеді, жиналыстар өткізуде тұрғындар мен органдардыӊ әрбір қадамын белгілейді.

Тексеру комиссиясыныӊ рөлі артып, үйлерге ағымдағы және күрделі жөндеулер өткізудіӊ реті де ұсынылған.

Тұрғын үй басқармасы бұл Ереже қаланыӊ тұрғын үй қоры саласын жақсартуға жаӊа серпін беретініне және түрлі проблемаларды ойдағыдай шешуге ықпал ететініне сенімді.

Бүгін Ереже Алматы қаласыныӊ Иділет басқармасында арнайы тіркеуден өтті және 2017 жылдыӊ 23 қазанынан бастап күшіне енетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны