20.07.2018, 17:43 5038

Алматыда Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын цифрландыру форумы өтті

Бұл ТКШ саласындағы өндіріс пен құрылысты онлайн-коммерцияландырудағы өзекті проблемаларды талқылауға және индустриядағы трендтерді жариялауға бағытталған жоспарлы төрт салалық бизнес-форумныӊ екіншісі. Оны Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен "Алматы" ИКК ұйымдастырды.

Алматы. 20 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 20 шілдеде Алматыдағы "Алатау" Ақпараттық технологиялар паркі аумағында "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) саласын цифрландыру: Ақпараттық технологиялар паркі Арнаулы экономикалық аймағыныӊ рөлі мен мүмкіндігі" форумы өтті. Бұл ТКШ саласындағы өндіріс пен құрылысты онлайн-коммерцияландырудағы өзекті проблемаларды талқылауға және индустриядағы трендтерді жариялауға бағытталған жоспарлы төрт салалық бизнес-форумныӊ екіншісі. Оны Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен "Алматы" ИКК ұйымдастырды.

Форумныӊ жұмысына барлығы 80-ге жуық шағын, орта және ірі бизнестіӊ, ұлттық компаниялардыӊ, мемлекеттік органдардыӊ өкілдері, саланыӊ және қаланыӊ коммуналдық компаниялары сарапшылары қатысты.

Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары А. Мәдиев, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және жаӊғыртудыӊ қазақстандық орталығы" АҚ ("ТКШ Қаз Орталығы" АҚ) Басқарма төрағасыныӊ орынбасары М. Майкенов, "Алматы су" МКК бас директорыныӊ орынбасары Б. Жамбылов, "Алматы жылу желілері" ЖШС коммерциялық директоры Э. Байшығасова, Siemens Kazakhstan компаниясыныӊ президенті А. Барцявичус, PSI компаниясыныӊ департамент директоры А. Ковалевтер іс-шарада сөз сөйледі.

Оныӊ барысында Алматы аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызметтерді жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпорындарды цифрландырудыӊ өзекті мәселелері талқыланды.

Саланы цифрлық трансформациялау жөніндегі жоспарлармен "ТКШ ҚазОрталық" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Мейіржан Майкенов ой бөлісті: "ТКШ цифрландыру негіздерініӊ бірі мұныӊ үстінен жұмысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ және Құрылыс және ТКШ істері комитетініӊ тапсырмасы бойынша "ТКШ ҚазОрталық" жүргізетін бірыӊғай зияткерлік ақпараттық жүйені құру болып табылады. Сектордыӊ барлық қатысушыларын бір ақпараттық алаӊға біріктіру және цифрлық экономика құралдарын қолдану тұтастай алғанда саланыӊ жағдайын бағалауға және оны дамыту бойынша одан әрі қадамдарды алдын ала қабылдауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл барлық пайдаланушыларға бір көзден расталған ақпаратты алуға мүмкіндік береді, бизнес-процестердіӊ ашықтығын және халық үшін де, мемлекет үшін де ресурстардыӊ үнемделуін қамтамасыз етеді".

Форумныӊ қатысушылары арнайы көрсету аймағына барды, мұнда "Алатау" Ақпараттық технологиялар паркі Арнаулы экономикалық аймағыныӊ резиденттері және басқа да компаниялар процестерді автоматтандыру, ақпаратты заттар интернетініӊ, телеметрия технологияларын және т.б. пайдалана отырып деректерді өӊдеу, мониторинг жүргізу және есепке алу үшін цифрлық түрге ауыстыру бойынша мүмкіндіктер көрсетілді. Осылайша, қызметтердіӊ тапсырыс берушілері мен әлеуетті өнім берушілері арасында тікелей сұхбат жолға қойылды.

"Форумныӊ басым міндеті бірінші кезекте, ашық сұхбат үшін ТКШ нарығыныӊ барлық қатысушыларын және осы саладағы цифрлық әзірлемелермен айналысатын компанияларды бірыӊғай алаӊға жинау қажет болды. Барлық қатысушылар еӊ жоғары тиімді нәтижелерді алу үшін ауқымды деректермен (Big Data) жұмыс істеудіӊ бірыӊғай технологиялар жүйесін құруға бірлесіп күш-жігерін жұмсау қажеттілігі жайлы пікірді нығайтқан өте маӊызды", - деп атап көрсетті "Алматы" ИКК Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Иділ Бөрлібаев.

Қатысушылар бизнес-форумныӊ ақпаратқа толы екендігін, еӊ бастысы - бизнесте практикалық қолдану үшін пайдалы екендігін атап өтті. Ұйымдастырушылар осыған ұқсас іс-шаралар резиденттер үшін барлық мүмкіншіліктерді еӊ жоғары түрде пайдалану және тұрғындардыӊ өмірін жақсарту үшін ауыз толтырып айтарлық нәтижелерді енгізу үшін және тұтастай алғанда қаланыӊ экономикалық дамуы үшін осы алаӊда тұрақты өткізіліп тұратынын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны