18.10.2017, 18:01 4499

Алматыда туристік ақпараттық орталық ашылды

Бүгін Алматыда "Алматыныӊ визит орталығы" атты туристік ақпараттық орталық ресми түрде ашылды. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қалаға келген әрбір шетелдік қонақтыӊ көрікті жерлер, мәдени оқиғалар, мейманханалар туралы бір терезе принципі бойынша толық мәліметті қалай алатындығымен танысты.

Алматы. 18 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда "Алматыныӊ визит орталығы" атты туристік ақпараттық орталық ресми түрде ашылды. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қалаға келген әрбір шетелдік қонақтыӊ көрікті жерлер, мәдени оқиғалар, мейманханалар туралы бір терезе принципі бойынша толық мәліметті қалай алатындығымен танысты.

Қаланыӊ Туризм және сыртқы байланыстар басқармасыныӊ басшысы Ерлан Жайлаубай визит орталықтыӊ Алматы тұрғындары мен қонақтарына мегаолистіӊ туристік әлеуеті туралы кәсіби кеӊес, жол карталары мен тау бағыттарыныӊ атластарын, туроператорлар брошюраларын, мәдени- бұқаралық шаралардыӊ анонстарын беретіндігін айтты. Сонымен қатар экскурсияға, сувенир бұйымдарға тапсырыс алатындығы,еӊ бастысы туристер үшін мобильді байланыс операторыныӊ SIM-картасын бейімдеуді жүзеге асыратындығы аталып өтті. Қазіргі кезде барынша танымал локацияларда ақпараттық туристік киоскілер ашу мәселесі қарастырылуда. Басқарма басшысы өзініӊ сөзінде мұндай орталықты ашу Париж, Лондон, Дубай, Нью-Йорк, Барселона сынды туризм саласы дамыған қалалар тәжірибесінен алынғандығын жеткізді.

Қазірдіӊ өзінде www.visitalmaty.kz ресми сайты жұмыс істеуде, кейін ол жеті тілді қамтитын болады. Сайтта қаланыӊ танымал көрнекі орындары, ұлттық мәзір дайындайтын мейрамханалары, оқиғалалар тізбегі туралы толық ақпараттар жарияланады.Визит орталықта кеӊес беру, сувенир, сөйлесу, түрлі шаралар өткізудіӊ интерактивті аймақтары қамтамасыз етілген. Техникалық тұрғыда ашылғалы бері 109 турист хабарласқан.

Ол саяхатшылар үшін төтенше жағдай туындаған кезде түрлі мәселені жедел шешетін шұғыл желі құрылғанын да атап өтті.

Жалпы, "Алматыныӊ визит орталығын" болашақта мемлекеттік- жекешелік әріптестіктіӊ катализаторына және Алматы кластерініӊ туристік девелопментіне айналдыру жоспарланған. Халықаралық нарықта туристік әлеуетті көрсету жобаларын жүзеге асыру, өӊірдіӊ рейтингі мен бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасау, туризмді дамыту мүмкіндіктерін іздестіру, осы салада түрлі зерттеудер жүргізу ТАО жұмысыныӊ басты бөлігі болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны