23.12.2015, 17:53 3844

Алматыда туристік қызмет көрсетуде алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 43 жастағы әйел ұсталды

Алматы полициясы туристік қызмет көрсету саласында алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 43 жастағы әйелді ұстады. Бұл туралы бүгін Алматы қ. ІІД баспасөз қызметі хабарлады

Алматы. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы полициясы туристік қызмет көрсету саласында алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 43 жастағы әйелді ұстады. Бұл туралы бүгін Алматы қ. ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы қаласыныӊ Алмалы аудандық ІІБ жанындағы полиция бөлімініӊ дерегі бойынша, Галина Шараповаға туристік қызмет көрсету саласында бірнеше рет ааяқтық әрекеттермен айналысқан деген күдік тағылды. Тек осы аудан бойынша қазір оншақты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Жәбірленушілердіӊ арыздарына сүйенсек, бұл әйел "туристік жорықтарды ұйымдастырамын" деп, олардан ақша алған. Бірақ өз міндеттемесін орындамаған. Күте-күте шыдамы таусылған азаматтар алдымен аудандық ішкі істер бөліміне, кейін біздіӊ полиция бөліміне жүгінді. Шарапова ұсталып, ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексініӊ 128-ші бабы бойынша уақытша тергеу абақтысына қамалды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында бұлтартпау шарасы қолданылды. Алдын ала есеп бойынша, алданған азаматтарға келтірілген шығынныӊ сомасы - 2 млн. теӊгеден асады", - деді осы келеӊсіз жағдайға байланысты Алмалы ауданы ІІБ жанындағы полиция бөлімі бастығыныӊ орынбасары, полиция майоры Диар Разыев.

Сондай-ақ, тергеушілер тергеу шарасы барысында күдіктініӊ осы тектес басқа да қылмыстарға қатысыныӊ бары-жоғы тексеріліп жатқандығын айтты. Осыған байланысты, полиция қызметкерлері ұсталған әйелдіӊ құқық бұзушылық әрекеттерініӊ "құрбаны" болған азаматтар бар болса, мына телефондарға хабарласуларын сұрайды.

Телефондар: 298-54-70 және 298-54-72.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны