11.09.2018, 21:37 6524

Алматыда түркі халықтарыныӊ дәстүрлі өнер фестивалі өтеді

Елімізде алғаш рет өткелі жатқан шараға Түркия, Изербайжан, Өзбекстан, Солтүстік Кипр, Татарстан, Таулы Алтай, Хакасия және Тыва сынды 11 елден келген 16 өнерпаз қатысуға ниет білдірген.

Алматы. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген түркі халықтарыныӊ өнерпаздары Алматыда бас қоспақ. Қала күні қарсаӊында "Алатау" дәстүрлі өнер театры мен "ТҮРКСОЙ" ұйымы бірлесіп, "Алатау алабында" атты халықаралық дәстүрлі өнер фестивалін ұйымдастырады, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Елімізде алғаш рет өткелі жатқан шараға Түркия, Изербайжан, Өзбекстан, Солтүстік Кипр, Татарстан, Таулы Алтай, Хакасия және Тыва сынды 11 елден келген 16 өнерпаз қатысуға ниет білдірген.

Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, бұл фестиваль - түркі елдерін жақындастырып қана қоймай, қазақ даласындағы дәстүрлі өнерді өзге түркі елдерімен салыстырмалы түрде көруге мүмкіндік береді.

"Қазақстаннан Маӊғыстау өӊірініӊ, Батыс Атырау өӊірініӊ, Сыр бойыныӊ, Оӊтүстік Қазақстан мен Жетісудыӊ, Арқа дәстүрі және Шығыс Қазақстанныӊ Алтай қазақтары өӊірлерініӊ ән-күй жырлары айтылады деп жоспарланып отыр. Бұлардыӊ ішінде инструменталдық жанр - күйлер де бар, ән де бар, сондай-ақ, Сыр бойыныӊ жыраулық-жыршылық дәстүрініӊ ән мақамдарынан да көріністер көруге болады", - деді "Алатау" дәстүрлі өнер театрыныӊ директоры, фольклортанушы Берік ЖҮСІПОВ.

Фестиваль қатысушылары 19 қыркүйекте сағат 17.00-ден бастап Панфилов көшесін бойлай шеру өткізеді. Содан соӊ Арбатқа барып, дәстүрлі әннен шашу шашпақ. Ал қыркүйектіӊ 20-сы күні жан-жақтан келген өнер майталмандары шеберлік сыныптарын жүргізеді. Ал сағат 18:00-де "Алатау" дәстүрлі өнер театрыныӊ концерт залында барлық өнерпаздыӊ қатысуымен негізгі ән мен жыр кеші басталады. Атадан қалған дәстүрді дүйім жұртқа дәріптеп жүрген дүлдүлдеріміз фестивальге сақадай сай.

"Мен өзім Сыр бойыныӊ жыраулық-жыршылық өнерін сахнада көрсетпектін. Яғни, Сырдыӊ бойындағы Оғыз кезеӊінен бері қарай жол тартқан үлкен жыраулық өнер - көмеймен айту дәстүрі сақталған. Көмеймен айту - түркі халықтарыныӊ бәріне ортақ деуге болады. Мен өзім "Көрұғлы" жырынан үзінді орындамақпын. Бұл жыр біздіӊ түркі бауырларды біріктіретін, мәдениетін біріктіретін бірден-бір эпос болып саналады", - деді жыршы, ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері Ұлжан БАЙБОСЫНОВА.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны