23.04.2008, 19:29 3690

Алматыда түркі тілдес елдер социологтарының екінші конгрессі басталды

Алматыда түркі тілдес елдер социологтарының екінші конгрессі басталды

Алматы. 23 -сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда түркі тілдес елдер социологтарының екінші конгрессі басталды. Оған әлемнің 10 елінен, Қазақстан мен Түркиядан, Изербайжан мен Орталық Азия мемлекеттерінен, Ұлыбритания мен Германиядан және АҚШ -тан 150-ден астам социологтар, саясаткерлер, психологтар қатысуда, деп хабарлайды агенттік Алматы қалалық әкімшілігінің жұртышылықпен байланыс бөлімінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "түркі тілдес елдердің бұл Конгресі Қазақстан президентінің 2006 жылы Түркияның Анталья қаласында өткен түркі тілді елдердің 8-ші саммитінде сөйлеген сөзінде көрініс тапқан Қазақстандық сыртқы саясаттың өміршеңдігі мен жасампаздығын айқындай түседі".

"Осынау халықаралық шараның басты тақырыбы "ХХІ ғасырдағы азаматтық қоғам мен социологиялық прогресс"деп аталады.Мұндағы негізгі идея қазіргі заманғы мемлекеттер дамуының барынша жетілген үлгісін табу",- делінген хабарламада.

Конгреске Халықаралық социологтар Ассоциациясының ресми өкілі, осы ұйымның вице -президенті, АҚШ-тың Цинциннати Университетінің профессоры Ян Мари Фритц , Стамбул Университетінің деканы Туна Коркут,Ресей социологтар қоғамының президенті Валерий Мансуров, Изірбайжан Ғылым Академиясы Институының директоры Юсиф Рустамов, "Социологиялық зерттеулер" журналының бас редакторы Жан Тощенко, Қырғызстан Ассоциациясының президенті Кусейн Исаев, Өзбекстандағы "Эксперт -Фикри" әлеуметтік және маркетингтік Орталықтың директоры Арустан Жолдасов,Тәжікстан Ғылым Академиясы Философия институты директорының орынбарасы Шоназар Шоисмотуллаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Матиполла Иженов қатысады.

Конгресс аясында үстіміздегі жылдың 25 сәуірі күні қазақстандық социологтар өздерінің ұлттық конгрессін өткізетін болады.

Қазақстан Социологтары Ассоциациясының құрылғанына 6 жыл ішінде осындай ұлттық конгресс үшінші рет өткізіліп отыр.

Қазақстандық конгресс "Социологиялық зерттеулер және инновациялық даму" деген атпен өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны