20.04.2012, 12:57 3470

Алматыда түркітілдес Википедиялардың конференциясы ашылды

Біздің елімізде "Қазақша Википедия" жобасы ел Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қолдауымен жүзеге асырылуда. Конференцияның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген "WikiBilim" қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы ҚР Премьер-Министрінің конференцияға қатысушыларға жолдаған құтықтау сөзін оқып берді.

Алматы. 20-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түркітілдес Википедиялардың конференциясы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Біздің елімізде "Қазақша Википедия" жобасы ел Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қолдауымен жүзеге асырылуда. Конференцияның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген "WikiBilim" қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы ҚР Премьер-Министрінің конференцияға қатысушыларға жолдаған құтықтау сөзін оқып берді.

Жиынға Қазақстан, Түркия, Изірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан және Саха (Якутия) елдеріндегі вики-қоғамдастықтарының өкілдері, сондай-ақ "Wikimedia Foundation", "Creative Commons", "Open Software Foundation" сияқты халықаралық қозғалыстар мен ұйымдардың және "Google" компаниясының өкілдері қатысуда.

"Рухани құндылықтарымыз бен мәдени мұраларымызды байытып, қазақ тілді интернетті, бүкіл түркі тілдес Википедияны дамытуда бүгінгі конференцияның маңызы ерекше. Алқалы жиынның тақырыбы ағымдағы мәселелерді талқылап қана қоймай, интернеттегі қазақ тілінің үлесін ұлғайтуға бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлеуге жол ашатынына күмән жоқ. Бұл - біздің алдымыздағы аса маңызды міндет!",- делінген ҚР Премьер-Министрінің құттықтауында.

Түркітілдес Википедиялардың конференциясы "Қазақша Википедия" жобасының бір тармағы болып табылады. Аталмыш жобаның аясында Википедияның қазақша нұсқасындағы мақалалардың саны бір жылдың ішінде 7 мыңнан 126 мыңға дейін өсті, айына қаралатын беттердің саны орта есеппен 200 мыңнан 5 млн. дейін жетті. Халықаралық вики-қоғамдастық "Қазақша Википедияны" 2011 жылдың үздік жобасы (Global Wikipedian - 2011) деп таныды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны