18.04.2012, 14:29 3439

Алматыда түркітілдес Википедиялардың конференциясы өтеді

2012 жылдың 20-21 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түркітілдес Википедиялардың конференциясы өтеді. Жиынға Қазақстан, Түркия, Изірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан және Саха (Якутия) елдеріндегі вики-қоғамдастықтарының өкілдері, сондай-ақ "Wikimedia Foundation", "Creative Commons", "Open Software Foundation" сияқты халықаралық қозғалыстар мен ұйымдардың және "Google" компаниясының өкілдері қатысады, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайтында.

Астана. 18-сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда түркітілдес Википедиялардың конференциясы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың 20-21 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түркітілдес Википедиялардың конференциясы өтеді. Жиынға Қазақстан, Түркия, Изірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан және Саха (Якутия) елдеріндегі вики-қоғамдастықтарының өкілдері, сондай-ақ "Wikimedia Foundation", "Creative Commons", "Open Software Foundation" сияқты халықаралық қозғалыстар мен ұйымдардың және "Google" компаниясының өкілдері қатысады, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайтында.

Конференцияға қатысушылар Википедияның түркітілдес бөлімдерін дамыту, бағдарламалық қамтамасыз етулерді білім мен ғылымды дамыту мақсатында қолдану мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, ана тіліндегі контенттерді дамытудағы "Google" тұғырнамасының мүмкіндіктеріне арналған арнайы сессия өтеді. Конференцияның ашылу рәсімінде еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов алғысөз сөйлейді деп күтілуде.

20 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 10.00-да басталатын осы конференциядан www.pm.kz және www.baq.kz сайттары онлайн-таратылым жүргізеді. Конференцияға қатысушыларға қоятын сауалдарыңыз болса, мына email-ға алдын-ала жолдауларыңызға болады.

Түркітілдес Википедиялардың конференциясы "Қазақстан Википедия" жобасының бір тармағы болып табылады. Аталмыш жобаның аясында Википедияның қазақша нұсқасындағы мақалалардың саны бір жылдың ішінде 7 мыңнан 126 мыңға дейін өсті, айына қаралатын беттердің саны орта есеппен 200 мыңнан 5 млн. дейін жетті.

Халықаралық вики-қоғамдастық "Қазақша Википедияны" 2011 жылдың үздік жобасы (Global Wikipedian - 2011) деп таныды.

"Қазақша Википедия" жобасы ел Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны