07.08.2015, 17:23 3377

Алматыда үйі өртеніп, баспанасыз қалған 16 отбасы уақытша орналастырылды

Тобаяқов көшесі, 12 үйде болған өрттен 16 пәтер зардап шекті, тұрғындардыӊ саны 60 кісі, 18 кәмелетке толмаған жасөспірімдер.

Астана. 7 Тамыз. Kazakhstan Today - Тобаяқов көшесі, 12 үйде болған өрттен 16 пәтер зардап шекті, тұрғындардыӊ саны 60 кісі, 18 кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Өрт 7 тамыз түнгі сағат 01:30 кезінде басталды. Жетісу ауданы әкімініӊ аппаратымен өртенген үй тұрғындарына келесі көмек көрсетілді:

- медициналық көмек, оныӊ ішінде психологтардыӊ кеӊесі;

- өртенген үй тұрғындары пәтерлерге және жақын маӊайда орналасқан қонақүй типтікжатақханаға орналастырылды;

- халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ басшылығына зардап шеккен азаматтардыӊ жеке куәліктерін және үй құжаттарын қайта қалпына келтіруге мұқтаж адамдарға тез арада көмек көрсету тапсырылды;

- мектепке баратын балалардыӊ тізімі құрылды, барлық бала мектеп формасымен, кітаптар және кеӊсе жабдықтарымен қамтамасыз етіледі, мектеп әкімшілігі тарапынан да аппарат тарапынан да барынша көмек көрсетіледі;

- қажетінше дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі;

- төтенше жағдайлар қызметініӊ тиісті анықтамаларын алғаннан кейін ауыр өмірлік жағдайға тап болған отбасылар ретінде бірреттік материалдық көмек алуға ықпал етіледі;

- зардап шеккен тұрғындар таӊғы және түскі аспен қамтамасыз етілді;

Қазіргі таӊда аталған тұрғындар уақытша тұрғын-үймен қамтамасыз етілді.

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімініӊ аппараты

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны