05.06.2013, 14:51 4154

Алматыда ұйымдасқан қымыстық топтан қалам түріндегі тапанша табылды

Аталмыш ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы 26 жастағы қала тұрғыны және оның мүшелері 1988-1987 жылдары туған екі алматылық екені анықталды.

Алматы. 5-маусым. Kazakhstan Today - Алматы қалалық ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кезекті ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсіріп, бірнеше қару-жарақ тәркілеп алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Аталмыш ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы 26 жастағы қала тұрғыны және оның мүшелері 1988-1987 жылдары туған екі алматылық екені анықталды.

"Ұсталғандардан 5,45 мм. калибрлі оқ-дәрімен жарақталған үш оқшантайы бар Калашников автоматы, ИЖ-79 газ тапаншасын қайта жасақтау арқылы дайындалған екі Макаров тапаншасы, 5,6 мм. калибрлі оқ-дәрісі бар қолдан жасалған қалам түріндегі атыс қаруы, сондай-ақ жарты келіден астам марихуана тәркіленіп алынды", - деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 251 бабы 2 тармағы, 259 бабы 1-1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілерге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны