18.03.2008, 13:45 3219

Алматыда үлесшілер құрылыс салушының мүлкіне тыйым салуды талап етуде

Алматыда үлесшілер құрылыс салушының мүлкіне тыйым салуды талап етуде

Алматы. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Үлесшілер "Орбита-3" ықшам ауданында "Дуэт" үй кешеніндегі құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін "Компания Қазстрой" ЖШС мүлкіне тыйым салуды талап етуде. Бұл туралы агенттікке үлесшілердің ынталы топтың мүшесі хабарлады.

"Біз үй кешенінің Г блогындағы бірінші қабатындағы коммерциялық алаңы мен А блогындағы 400 шаршы метрді құрайтын төрт пентхаузға тыйым салуды талап етіп отырмыз. Біз қалалық немесе республикалық бюджеттен құрылыс жұмыстарын аяқтауға қаржылық көмек беруді сұраймыз, кейін бұл ақша тұрғын үй кешенінде сатылмай қалған баспаналарды сату есебінен қайтарылатын болады", - деп мәлімдеді үлесшілер.

Он бес қабатты екі үйдің құрылысына қаржысын салған адамдар: "біз мемлекеттен тегін баспананы сұрап отырғанымыз жоқ, үкімет құрылысы аяқталмай қалған мәселені шешуге араласуын талап етудеміз",- дейді.

Үлесшілер айтқанында, кешен құрылысы 2004 жылы басталып, келісім- шарт бойынша 2004-2005 жылдары аяқталуы керек еді. Изірге құрылыстың тек 85-90% орындалып, бұдан кейін қаржының жоқтығынан компанияның құрылыс жұмыстары тоқтап қалды. Компания тарапынан үлесшілерден алған қаржы көлемі құрылыс жұмыстарына жұмсалатын шығындар мөлшерінен асқан. Алайда, қаржы ғайып болды.

"Біз мәселені өз күшімізбен шешуге тырыстық, алайда үлесшілердің басым көпшілігінде қосымша қаржы құятын жағдайлары жоқ. Ал компания бұл мәселені шешпек түгелі, біздердің ұсыныстарымызға кедергі келтіріп бағуда. Мәселен, мердігерлер туралы, сатылмаған пәтерлерді сату арқылы құрылысты жалғастыруға болатын жәйттар жөнінде ешқандай ақпарат берілмей отыр",- дейді олар.

Құжаттар бойынша "Компания Қазстрой" ЖШС директоры Е. Нұрмағамбетов, "Дуэт" кешені құрылысына тапсырыс берушісі "Сардар" ЖШС болып отыр. Ал оның басшысы 2005 жылдан бері М. Жұтаев болып, қазіргі күнде ол тұрғын үй кешенінің құрылтайшысы.

Үлесшілердің пікірінше, екі ЖШС-тің басшылары мен құрылтайшылары, "өздерінің келісім-шарттағы міндеттерін атқармай, кездесуден қашқақтауда. Өйткені, олар өздерінің заң алдында жауапқа тартылмайтынына және алаяқтықтарын ойдағыдай атқарып шығатынына сенімді . Сондай-ақ, біздердің құқық қорғау органдарына тапсырған арыздарымыз да жауапсыз қалды".

Үлесшілер айтқанындай, пентхауз құрылтайшы болып отырған М. Жұтаевтың атында тіркелген. Бұл тек үлесшілер алдында материалдық жауапкершіліктен жалтару үшін жасалып отырған іс". Үлесшілердің пікірі бойынша, бұл бөлмелерді сату арқылы туындаған мәселені шешуге болар еді.

Олардың сөздері бойынша, олардың арыз талаптары жауапсыз қалатын болса, онда олар " бейбіт түре наразылық акцияларын жасау құқығын пайдаланады. "Біз тіпті аштық жариялап, жолдарды бөгеп, өзімізді өртеп жіберу шараларына баруға мәжбүр боламыз",- деді олар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны