16.09.2009, 13:33 1465

Алматыда Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектерінің кездесуі өтеді

Алматыда Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектерінің кездесуі өтеді

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75-жылдық мерейтойына арналған ҚазҰУ түлектерінің кездесуі 17 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today оқу ордасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл күні ҚазҰУ-дың бренді болып саналатын бас ғимарат - ректораттың алдында әр түрлі жас аралығында қарашаңырақты бітірген 120 мың түлек бас қосатын болады.

Салтанатты мерейтойлық кездесуді ҚазҰУ-дың ректоры Бақытжан Жұмағұлов ашады. Кездесуде Қазақстан Республикасының ғылымына еңбегі сіңген ҚазҰУ түлектерін арнайы ҚазҰУ-дың Күміс медальдарымен марапаттап, аттарын қарашаңырақ тарихында мәңгілік жазып қалдыратын болады.

Салтанатты кездесу рәсімінде университет студенттеріне арналған Түлектер үндеуін қабылдайды. Түлектер Ассоциациясының университет үшін маңызы зор.

Салтанатты рәсімнен кейін түлектер Шығыс елінің ғұлама ғалымы Ибу-Насыр әл-Фараби ескерткішіне гүл шоғын қойып, Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайындағы мерейтойлық көрмеге барып, студенттердің ұйымдастыруымен салтанатты сауық кешін тамашалайды. Естелік түрінде қонақтар Түлектер аллеясына ағаш отырғызатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны