20.10.2008, 18:45 2683

Алматыда Ил-Фараби даңғылының бір бөлігі екі күнге жабылады (толық нұсқасы)

Алматыда Ил-Фараби даңғылының бір бөлігі екі күнге жабылады (толық нұсқасы)

Алматы. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Ил-Фараби даңғылының Бағанашыл ауылына айнала беріс бөлігінен Гагарин көшесіне дейінгі тұсы қазанның 23 мен 25 аралығында жабылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Гагарин көшесімен жоғары өрлей келе Ил-Фараби даңғылына (Навои көшесіне қарай) және Ил-Фараби даңғылынан Гагарин көшесіне қарай бұрылуға болады. Сондай-ақ, Бағанашыл ауылынан Ил-Фараби даңғылына қарай (Марков көшесіне қарай) және Ил-Фараби даңғылынан Бағанашыл ауылына қарай бұрылатын жол ашық болады.

Алматы қалалық ІІД-нің жол полициясы басқармасы жүргізушілерден "жүретін жолын алдын-ала түзетіп, аталған жабық бөлікті айналып өтуді" сұрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны