11.08.2015, 16:49 3860

Алматыда ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтыӊ туған күніне орай шығармашылық кештер өтуде

Мерекелік кеш аясында "Абай" алаӊына ақынды еске алу үшін жүздеген қалалықтар келді, олардыӊ арасында Абай ұрпақтары да болды, сондай-ақ қалалық әкімдіктіӊ, Жазушылар одағыныӊ өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ақындар мен әншілер бас қосты.

Алматы. 11 Тамыз. Kazakhstan Today - Кеше, 10 тамыз күні Республика Сарайыныӊ алдындағы Абай ескерткішініӊ жанында алматылықтар Абай Құнанбаевтыӊ 170-жылдық мерейтойын атап өтті. Алаӊға оныӊ шығармашылығын пір тұтатын жүздеген адам жиналды. Абай Құнанбаев - әлем мойындаған ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетініӊ негізін салушы, ағартушы либералды ислам негізіндегі орыс және еуропа мәдениетініӊ жақындасуындағы мәдени реформатор, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мерекелік кеш аясында "Абай" алаӊына ақынды еске алу үшін жүздеген қалалықтар келді, олардыӊ арасында Абай ұрпақтары да болды, сондай-ақ қалалық әкімдіктіӊ, Жазушылар одағыныӊ өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ақындар мен әншілер бас қосты. Абайдыӊ өлеӊдері, монологтары оқылды, әндері мен күйлері орындалды. Көрермендер, әсіресе, ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері Болат Ибділмановтыӊ орындауындағы Абай монологына тәнті болды.

Атап өткен жөн, Абай Құнанбаевтыӊ 170-жылдық мерейтойын тойлау аясында бүгін, 11 тамыз күні, Алмалы ауданыныӊ қолдауымен "ARTRONIT" кеӊістігінде ақынға арналған шығармашылық кеш өтеді.

Жұрттыӊ көзайымына айналған "Abaicartoons" тақырыптық ашық хаттардыӊ қайырымдылық сатылымын өткізеді, одан түскен қаржы қайырымдылық ұйымдарына жіберіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны